Красносельск ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 "Красносельск селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4789 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Таран ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Красносельск ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 "Красносельск селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атаулар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-96 тіркелген, 2009 жылғы 15 қазанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Красносельск селолық", "Красносельск селосының", "Щербин селосының", "Журавлев селосының", "Аят селосының" деген сөздер тиісінше "Таран ауылдық", "Красносельское ауылының", "Щербиновка ауылының", "Журавлевка ауылының", "Әйет ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша:
      "Красносельского" деген сөздер "Тарановского" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы                 Ш. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады