Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 09.01.2015 № 5 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Кезектен тыс
сессиясының төрағасы А. Алимбаев
Аудандық
мәслихат хатшысы В. Вербовой
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің басшысы
_________________ У. Наурузбаева
"Ұзынкөл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің бюджет
бөлімінің меңгерушісі
_________________ Г. Бобрешова