Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 20.05.2015 № 123 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Ташмағамбетов
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 177 қаулысымен бекітілген
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемесін
есептеу қағидалары
Осы Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 7 тарауының 50-тармағына сәйкес әзірленді аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.
Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша есептеледi:
Жа = Бм *К1 *К2 *К3 *S, мұндағы:
Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бм – базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - объектiнiң Ұзынкөл ауданында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент;
К3 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ |
К1 |
Ұзынкөл ауылы |
1,6 |
Объектiнiң Ұзынкөл ауданында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент:
Ұзынкөл ауданында орналасқан жері |
К2 |
Ұзынкөл ауданының құрамына кiретiн ауылдық елді мекендер |
1,1 |
Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:
Құрылыс түрi |
К 3 |
Жеке тұрған |
1 |
Қосымша салынған |
1 |
Жартылай жертөле |
0,85 |
Жертөле |
0,70 |
Қоймалық |
0,60 |
2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік кұралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң соммасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшiн: Ж = S* Бм *К1*К2*К3/ЖУ*N, мұндағы:
Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жалдау ақысының мөлшерлемесі;
S - ауданы (шаршы метр);
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - объектiнiң Ұзынкөл ауданында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент;
К3 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны;
құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшiн: Ж= (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.