Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қазандағы № 228 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қарашада № 5142 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 1 қарашадағы № 70 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 01.11.2021 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

      2. Мыналар:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) әр кемтар балаға оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 28.05.2020 № 380 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Ұзынкөл аудандық мәслихатының

кезектен тыс сессиясының төрайымы

Ұзынкөл аудандық

мәслихатының хатшысы

Т. Гуляева


В. Вербовой


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады