Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 34 "Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 214 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 шілдеде № 4937 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 25.12.2017 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 34 "Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-189 тіркелген, 2011 жылғы 24 ақпанда "Федоровские новости" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.А. Баймурзинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров
      ауданының әкімі Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ

      Федоров аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      _________________ А. Оспанова

  Әкімдіктің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 214 қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
2011 жылғы 23 ақпандағы
№ 34 қаулысына қосымша

Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/с

Объектінің орналасқан орны

1.

Федоров ауылдық округі:
Ленин атындағы көше – Легкодухов атындағы көше қиылысы:
Набережная көшесі – Мұхтар Әуезов атындағы көшенің қиылысы;
Шевченко атындағы көше ("Рассвет" дүкені ғимаратының жанында);
Легкодухов көшесі – Степная көшесінің қиылысы;
Юнацкий атындағы көше (сауда алаңының ауданы);
Легкодухов атындағы көше ("Алга" спорт клубы ғимаратының жанында);
Пушкин атындағы көше ("Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Водопроводный көшесі ("Абсолют" дүкені ғимаратының жанында) Жаркөл ауылы ("Анар" дүкені ғимаратының жанында);
Александрополь ауылы ("Федоров ауданы білім бөлімінің "Александрополь бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Андреевка ауылы ("Федоров ауданы білім бөлімінің "Андреевка бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Владыкинка ауылы ("Федоров ауданы білім бөлімінің "Владыкинка негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Затышенка ауылы ("Беркут" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өлшеуіш ғимаратының жанында);
Копыченка ауылы ("Федоров ауданы білім бөлімінің "Копыченка негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Приозерное ауылы ("Радуга" дүкені ғимаратының жанында)

2.

Баннов ауылдық округі:
Банновка ауылы (орталық алаң ауданы);
Қарақопа ауылы ("Фиалка" дүкені ғимаратының жанында);
Чеховка ауылы ("Фортуна" дүкені ғимаратының жанында);
Цабелевка ауылы ("Надежда" дүкені ғимаратының жанында)

3.

Вишневый ауылдық округі:
Вишневое ауылы (ауылдық клуб ғимаратының жанында);
Белояровка ауылы ("Светлана" дүкені ғимаратының жанында);
Үй ауылы (бұрынғы бастауыш мектеп ғимаратының жанында);
Усаковка ауылы ("Ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Усаковка мемлекеттік мекемесі" ғимаратының жанында)

4.

Воронеж ауылдық округі:
Придорожное ауылы ("Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Успеновка ауылы ("Меркурий" дүкені ғимаратының жанында);
Лысановка ауылы ("Виктория" дүкені ғимаратының жанында);
"Успеновка" станциясы ("Успеновский астық қабылдау пункт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанында)

5.

Камышин ауылдық округі:
Чистый Чандак ауылы ("Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Қамысты Чандак ауылы ("Турар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанында);
Алаботалы ауылы ("У Степаныча" дүкені ғимаратының жанында);
Северное ауылы ("Ярославна" дүкені ғимаратының жанында)

6.

Қоржынкөл ауылдық округі:
Лесное ауылы (Мәдениет үйі ғимаратының жанында, "Салем" дүкенінің жанында)
Березовка ауылы ("Натали" дүкенінің жанында, "Федоров ауданы білім бөлімінің "Березов бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында)
Малороссийка ауылы ("Федоров ауданы білім бөлімінің "Украин бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);
Дубравка ауылы ("Садаков" шаруа қожалығының кеңсесі ғимаратының жанында)

7.

Қосарал ауылдық округі:
Кеңарал ауылы ("Визит" дүкені ғимаратының жанында);
Тураағаш ауылы (бұрынғы бастауыш мектебі ғимаратының жанында);
Жыланды ауылы ("Федоров ауданы білім бөлімінің "Жыланды бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында)

8.

Костряков ауылдық округі:
Костряковка ауылы ("Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, орта мектеп ғимаратының жанында, ауылдық клуб ғимаратының жанында);
Волковка ауылы ("Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанында);
Курское ауылы ("Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанында);
Курское ауылы (бастауыш мектеп ғимаратының жанында);
Запасное ауылы ("Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанында);
Грачевка ауылы ("Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанында)

9.

Ленин ауылдық округі:
Ленино ауылы (ауылдық клуб ғимаратының жанында);
Жаңақой ауылы (ауылдық клуб ғимаратының жанында)

10.

Новошумный ауылдық округі:
Новошумное ауылы (орталық алаң ауданы);
Старошумное ауылы (Абай көшесі, 7 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимараттың жанында);
Новошумное ауылы (Ленин көшесі, 8 бойынша орналасқан ғимараттың жанында)

11.

Первомайский ауылдық округі:
Первомайское ауылы ("Минутка", "Маяк", "Көктем" дүкендері ғимараттарының жанында);
Трактовое ауылы (жеке кәсіпкер "Татарчук Т.Н." дүкені ғимаратының жанында)

12.

Пешков ауылдық округі:
Пешковка ауылы (орталық алаң ауданы, "Валентина" дүкені ғимаратының жанында, "Пешковский нан өнімдер комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дүкені ғимаратының жанында);
Калиновка ауылы ("Калиновское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанында);
Кравцово ауылы ("Фаворит" дүкені ғимаратының жанында);
Полтавка ауылы (бұрынғы бастауыш мектебі ғимаратының жанында);
Большое ауылы ("Алтын-Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 2 бригадасы ғимаратының жанында)

13.

Шандақ ауылдық округі:
Мирное ауылы ("У Иваныча" дүкені ғимаратының жанында, "Пшеничное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Чандак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ауданында);
Дорожное ауылы ("Эдельвейс" шаруа қожалығының кеңсесі ғимаратының жанында);
Крамское ауылы ("Пшеничное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанында)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады