Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 7472 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Федоров аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Федоров ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары күші жойылды деп танылсын.

      3. "Федоров ауданы әкімдігінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров ауданының әкімі Т. Исабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Федоров аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      __________ Т. Волоткевич

      25 желтоқсан 2017 жыл

  Әкімдіктің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 435 қаулысына 1-қосымша

Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 16.04.2018 № 92 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Объектінің орналасқан орны

1

Федоров ауылы

Абай көшесі –Легкодухов көшесінің қиылысындағы тақта;
Набережная көшесі – Мухтар Ауэзов көшесінің қиылысындағы тақта;
Шевченко көшесі - Набережная көшесінің қиылысындағы тақта;
Легкодухов көшесі – Камалидден Жиентаев көшесінің қиылысындағы тақта;
Юнацкий көшесіндегі тақта (сауда алаңының ауданы);
Пушкин көшесіндегі тақта;
Водопроводный көшесі – Карл Либкнехта көшесінің қиылысындағы тақта;

2

Жаркөл ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауылшаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты жанындағы тақта;

3

Александрополь ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Александропольская бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

4

Владыкинка ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Владыкин негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

5

Затышенка ауылы

"Беркут" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта;

6

Копыченка ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Копычен негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

7

Приозерное ауылы

"Эдуард Амержанович Тюлегенов" шаруа қожалығы ғимаратының жанындағы тақта;

8

Банновка ауылы

"Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

9

Қарақопа ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қарақопа бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

10

Чеховка ауылы

Чехов атындағы көшесіндегі тақта;

11

Цабелевка ауылы

медициналық пункт ғимаратының жанындағы тақта;

12

Вишневое ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы тақта;

13

Белояровка ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Белояров негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

14

Усаковка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Усаковское орман шаруашылығы мекемесі" ғимаратының жанындағы тақта;

15

Придорожное ауылы

"Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

16

Успеновка ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Успенов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында тақта;

17

Лысановка ауылы

Степной көшесі - Озерный көшесі қиылысындағы тақта;

18

Чистый Чандак ауылы

"Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында тақта;

19

Қамысты Шаңдақ ауылы

"Турар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта;

20

Алаботалы ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Ала - Бутала бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында тақта;

21

Северное ауылы

"Дала жеміс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта;

22

Лесное ауылы

"Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

23

Кеңарал ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Кеңарал орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

24

Жыланды ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Жыланды бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

25

Костряковка ауылы

"Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

26

Волковка ауылы

"Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта;

27

Курское ауылы

"Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта;

28

Запасное ауылы

"Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта;

29

Ленино ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы тақта;

30

Жаңақой ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы тақта;

31

Новошумное ауылы

"Тогызбай - Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта;

32

Первомайское ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Первомай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

33

Трактовое ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Трактов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

34

Пешковка ауылы

"Пешков нан өнімдер комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты жанындағы тақта;

35

Калиновка ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Калинов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

36

Кравцово ауылы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Кравцов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

37

Полтавка ауылы

"Дала жеміс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта;

38

Большое ауылы

"Большое 2016" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта;

39

Мирное ауылы

Федоров ауданы "Шандақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

40

Крамское ауылы

"Пшеничное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы тақта.

  Әкімдіктің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 435 қаулысына
2-қосымша

Федоров ауданы әкімдігінің күшін жойған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 34 "Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-189 тіркелген, "Федоровские новости" аудандық газетте 2011 жылғы 24 ақпанда жарияланған) қаулысы.

      2. Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 357 "Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 34 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Қостанай облысы Федоров ауданы әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 9-20-205 тіркелген, "Федоровские новости" аудандық газетте 2012 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) қаулысы.

      3. Федоров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 214 "Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 34 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Қостанай облысы әділет департаментінде 2014 жылғы маусымда № 4937 тіркелген, "Федоровские новости" аудандық газетте 2014 жылғы 14 тамызда жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады