Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 11 "Қоржынкөл селолық округінің Лесной селоның құрамдас бөлігін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 7 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 шілдеде № 4901 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 11 "Қоржынкөл селолық округінің Лесной селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-104 тіркелген, 2009 жылғы 1 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоның", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селоның", "селолық", деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

      Қоржынқөл ауылдық
      округінің әкімі                            Е. Абдурахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады