Новошумный ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 29 "Новошумный селолық округі Новошумный селосының құрамдық бөлігін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 8 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 маусымда № 4852 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қантардағы Заңына сәйкес, Новошумный ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Новошумный ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 29 "Новошумный селолық округі Новошумный селосының құрамдық бөлігін атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-109 тіркелген, 2009 жылғы 5 ақпанда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Федоров ауданы, Новошумный селолық округі, Новошумный селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

      Новошумный ауылдық округі әкімінің м.а.    С. Зотов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады