Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 18.04.2014 N 111/4 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" N 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
N 25/2 қаулысымен
бекітілді
"Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және
құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында мәдениет және өнер, мұрағат ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледі.
9. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115-үй, Академик Бектұров көшесі, 62/1.
10. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 900-ден 1830-ға дейін, түскі үзіліс сағат 1300-ден 1430-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, орыс тілінде: государственное учреждение "Управление культуры, архивов и документации Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.
"Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Павлодар облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін біріктіру және функцияларын беру жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды, тапсыру актісіне сәйкес құқықтары мен міндеттеріне қатысты, тараптар дауласатын міндеттерді қоса алғанда, олардың құқық иеленушісі болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыс бюджетінен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және
құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет пен өнерді қалыптастыру, жаңғырту, сақтау, дамыту және танымал ету, жаңа сапалы мәдени өнім жасауды одан әрі ынталандыру бойынша шаралар енгізу, Павлодар облысының аумағында Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану.
17. Мәдениет, мұрағат ісі және құжат жасау саласындағы сапалы және қолжетімді қызметтерді ұсыну "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
18. Қазақ ұлттық мәдениетін, басқа да ұлттық мәдениеттерді жаңғырту, сақтау, дамыту және тарату мәселелері, басқа өңірлермен ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру, сондай-ақ құжаттарды сақтау, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау және пайдалану "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәні болып табылады.
19. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;
2) облыстың мемлекеттік мұрағаттарына сақтауға қабылданған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды ұйымдастыру, мемлекеттік есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету, жинақтау және пайдалану;
3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тарту жолымен азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
4) мәдени құндылықтарға еркін қолжетімдікті, сондай-ақ мұрағат құжаттамасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды отандық ақпараттық кеңістікті дамытуда пайдалану;
5) мемлекеттік мәдениет және мұрағат ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;
6) талантты тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
7) мәдени құндылықтарды заңсыз беруге және әкелуге, мәдени құндылыққа меншік құқығын заңсыз беруге қарсы тұру, оларды кез-келген заңсыз иеліктен қайтару үшін шаралар қабылдау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау мен дамыту құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, мәдениет ұйымдарын құру,шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысу;
9) мәдениет саласының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға жәрдемдесу.
20. Функциялары:
1) мәдениет, мұрағат ісі мен құжат жасау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және Павлодар облысының аумағын дамыту бағдарламасына мәдениет, мұрағат ісі және құжат жасау мәселелері бойынша ұсыныстарын енгізеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
2) театр, музыка, кино өнері, мәдени-сауық қызметі, кітапхана, мұражай және мұрағат ісі саласындағы облыстың мемлекеттік мәдениет және мұрағат ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстарды енгізеді, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
3) облыстың мемлекеттік мәдениет және мұрағат ұйымдарының театр, музыка, кино өнерін, мәдени-сауық қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана, мұражай және мұрағат ісін дамыту жөніндегі қызметін қолдайды және үйлестіреді, олардың қызметін қамтамасыз етеді;
4) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
5) уәкілетті органның келісімімен шығармашылық қызметтің әртүрлі саласындағы республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
6) облыс деңгейінде мәдени-бұқаралық ойын-сауық іс-шараларын өткізуді жүзеге асырады;
7) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
8) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептер береді;
9) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
10) құзыретінің шегінде мәдениет және мұрағат саласындағы коммуналдық меншікке басқаруды жүзеге асырады;
11) мәдени және мұрағаттық маңызы бар объектілерді салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерді дамытуға жәрдемдеседі;
13) мәдени құндылықтарды уақытша шығару құқығына куәлік береді;
14) талантты жастар мен болашағы зор шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
15) мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
16) тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау мен қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану, сондай-ақ еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
17) мүдделі мемлекеттік органдардың келісімі бойынша тарих пен мәдениет ескерткіштерін, тарих пен мәдениет ескерткіштерімен байланысты қоршаған орта объектілерін сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады;
18) облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспарында жергілікті маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерін ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қарастырады, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуін келісімдеуді қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады;
19) мемлекет меншігі болып табылатын жергілікті маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;
20) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
21) уәкілетті органның келісімі бойынша қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын әзірлеу мен бекіту кезінде барлық санаттағы тарих пен мәдениет ескерткіштерін анықтау, зерделеу, сақтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тірек жоспарларын және карта-сызбаларды жасауды қамтамасыз етеді;
22) тарих пен мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін ресімдейді және оларды меншік иелері мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;
23) Қазақстан Республикасының тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш жасайды;
24) облыстың жергілікті өкілдік органына тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау жөнінде комиссия құру туралы ұсыныс енгізеді;
25) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптау комиссиясын құрады және оның ережесін бекітеді;
26) тарих пен мәдениет ескерткіштері және олардың қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түріне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын қарастырады және келісімдейді;
27) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуына және күтіп-ұстау тәртібіне, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
28) тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге лицензия алу туралы уәкілетті органға өтініш жасайды;
29) тарих пен мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері және пайдалушыларына Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі заңнамасын бұзғаны туралы ұйғарымдар береді;
30) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасымен көзделген негізде және тәртіпте әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;
31) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;
32) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді және мемлекеттік бақылауды іске асырады;
33) коммуналдық меншіктегі тарихи пен мәдениет құжаттық ескерткіштерді қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, оларды сақтау және пайдалану;
34) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы ұйымдастырады;
35) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыруды ұйымдастыру;
36) облыс аумағында орналасқан Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын мекемелерде іс жүргізу жағдайына, құжаттардың сақталуына бақылауды және ұйымдық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
37) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;
38) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекітеді;
39) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланады;
40) облыстың тарихы жөніндегі мұрағаттық құжаттарды жинауды және қайтаруды жүзеге асырады;
41) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттікті атқарады;
42) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар қызметінің мәнін, мақсаты мен басым бағыттарын және жұмыстардың (қызметтердің) міндетті көлемін анықтайды;
43) ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілейді;
44) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың даму және қаржыландыру жоспарларын қарастырады, келіседі, бекітеді, олардың орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады, олардың орындалуы бойынша есептерді қабылдайды;
45) коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың мүлкін алып қоюға немесе оны қайта бөлуге келісім береді;
46) ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың еңбекақы төлеу қорының мөлшерін, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтердің лауазымдық айлық ақыларының мөлшерін, оларға сыйақы беру және өзге де марапаттау жүйесін белгілейді;
47) мемлекеттік мүлік тізілімінде осы мәліметтерді көрсету үшін өзінің басқаруындағы және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы жылжымайтын мүлік пен мүлік объектілері туралы мәліметтерді дайындайды;
48) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, мұрағат ісі және құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын, Павлодар облысы әкімдігі мен әкімінің "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша актілерін іске асыру барысына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;
49) персоналды басқарудың біртұтас жүйесін құру мақсатында өзінің құзыреті шегінде "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын іске асырады;
50) кадрмен қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды, облыс мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі және азаматтық қызметшілердің аттестациясын өткізуге қатысады;
51) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнатады және дамытады;
52) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық тұрғысынан қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
53) мәдениет саласының қызметкерлері арасында құқықтық түсіндіру жұмысы,сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
54) ақпараттық технологияларды қолдана отырып, іс номенклатурасына сәйкес құжат айналымы жүйесін ұйымдастырады;
55) мыналарға:
жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне;
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне;
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сапаның, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асырады;
56) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
"Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына негізгі даму бағыттары, облыстың әлеуметтік-мәдени дамуының мақсаттары, басымдықтары және стратегиялары бойынша мәселелерді жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды ақысыз негізде сұратуға және алуға;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімімен жұмысқа тартуға;
4) барлық мәдениет мекемелерімен, ұйымдарымен және кәсіпорындарымен мәдени құндылықтарды, өнегелі және эстетикалық идеалдарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді, фольклорды, қолөнер мен көркемөнер кәсібін, мәдениет пен өнер туындыларын, бірегей имараттарды, заттар мен технологияларды, шығармашылық қызметті сақтау және дамыту мәселелері бойынша өзара әрекет етуге;
5) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;
6) өзінің құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасауға;
7) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және мәдениет саласындағы ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымы бойынша ұсынымдар әзірлеуге;
8) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
23. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
25. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;
2) облыс әкімдігіне "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жобаларды бекіту үшін ұсынады, оның құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) өз орынбасаларының міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылым шегінде кадрлық өзгерістер жүргізеді;
7) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды немесе оны алып тастауды жүзеге асырады;
9) "Павлодар облысының мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
10) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін, оның тапсырмаларын орындауды және құжаттардың "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінде өтуін бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
11) облыс әкімінің қол қоюына және қарастыруына облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобасын, сондай-ақ облыс әкімінің атына жолданатын өзге де құжаттар мен материалдарды ұсынады;
12) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
13) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражаттарын басқарады;
14) қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
15) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін іссапарға жібереді;
16) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
18) облыстың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мәдениет және мұрағат ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін тәртіпте оларды аттестаттаудан өткізеді;
19) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың басшыларымен еңбек шарттарын жасайды; мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынысы бойынша мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын қызметке тағайындайды;
20) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және Павлодар облысының ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселені қарастырады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
21) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен шығармашылық ұжымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
22) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
23) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемеснінің бірінші басшысының бұйрығымен мәдениет, мұрағат ісі және құжат жасау саласындағы ұйымдар қызметінің негізгі мәселелерін қарастыруға арналған алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы бекітеді;
24) "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауап береді;
26. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;
27. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы колданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
28. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
30. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және
құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
31. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
"Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
32. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
33. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және
құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
34. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
35. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстың коммуналдық меншігінде қалады.
"Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
36. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.