РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Преамбулаға өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.04.2015 N 101/4 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мыналар:
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері 1-қосымшаға сәйкес;
жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар 2-қосымшаға сәйкес бекітілісін.
Облыс ауыл шаруашылығы басқармасы:
заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
2014 жылғы "18" сәуір |
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы "18" сәуірдегі № 108/4 қаулысына 1-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін
өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеу | бас | 3 000 |
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы "18" сәуірдегі № 108/4 қаулысына 2-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық
мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет
жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
Р/с № | Өлшемдер мен талаптар |
1. | Ірі қара малды қолдан ұрықтандыруда жұмыс тәжірибесінің, жұмыс мерзімін мал асылдандыру инспекциясы саласындағы уәкілетті органнан тізімі бойынша растауымен бар болуы |
2. | Жеке меншігінде немесе ұзақ мерзімді жалдауда сұйық азотты тасымалдайтын ЦТК түріндегі арнайы ыдыспен жабдықталған автокөліктің болуы |
3. | Жеке меншігінде тұқымды бұқалардың ұрығын сақтайтын СДС 35 түріндегі арнайы ыдыстың болуы |
4. | Штатында сәйкес мамандықтар бойынша қызметкерлердің болуы |