Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысының әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" № 108/4 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3771 тіркелді, 2014 жылғы 29 сәуірде "Звезда Прииртышья" газетінде, 2014 жылғы 17 мамырда "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының преамбуласындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 103 қаулысына" сөздері "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырдун қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
2015 жылғы "13" сәуір |