Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 159/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 3815 болып тіркелді. Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 ақпандағы № 46/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 10.02.2021 № 46/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі Қаулы етеді:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 қазандағы № 118 "Звезда Прииртышья", 2012 жылғы 13 қазандағы № 118 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының преамбуласындағы "4-тармақшасына" саны мен сөзі "7) тармақшасына" санымен және сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы

Д. Тұрғанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады