Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 ақпандағы № 46/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 7210 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 10 ақпандағы
№ 46/2 қаулысына
1-қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

Р/с

Елді мекен

Мекенжайы

1

Павлодар қаласы

Астана көшесі, 160

2

Павлодар қаласы

Академик Бектұров көшесі, 15-1

3

Павлодар қаласы

Академик Сәтбаев көшесі, 247

4

Павлодар қаласы

Академик Сәтбаев көшесі, 194

5

Павлодар қаласы

Академик Сәтбаев көшесі, 130

6

Павлодар қаласы

Академик Сәтбаев көшесі, 79

7

Павлодар қаласы

Академик Сәтбаев көшесі, 35

8

Павлодар қаласы

Академик Сәтбаев көшесі, 29/1

9

Павлодар қаласы

Академик Сәтбаев көшесі, 27

10

Павлодар қаласы

Әлихан Бөкейханұлы көшесі, 189

11

Павлодар қаласы

Әлихан Бөкейханұлы көшесі, 179

12

Павлодар қаласы

Естай көшесі, 81

13

Павлодар қаласы

Қамзин көшесі, 164

14

Павлодар қаласы

Лермонтов көшесі, 109

15

Павлодар қаласы

Лермонтов көшесі, 100/1

16

Павлодар қаласы

Лермонтов көшесі, 96 / 1-36

17

Павлодар қаласы

Ломов көшесі, 147

18

Павлодар қаласы

Малайсары батыр көшесі, 25

19

Павлодар қаласы

Мәшһүр Жүсіп көшесі, 8

20

Павлодар қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 69/1

21

Павлодар қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 50/2

22

Павлодар қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 41, "Артур" сауда үйі, 135 а бутигі

23

Павлодар қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 24/1

24

Павлодар қаласы

Привокзальная алаңы, 1

25

Екібастұз қаласы

Әуезов көшесі, 54

26

Екібастұз қаласы

Бауыржан Момышұлы көшесі, 38

27

Екібастұз қаласы

Бауыржан Момышұлы көшесі, 36

28

Екібастұз қаласы

Мәшһүр Жүсіп көшесі, 58 "А"

29

Екібастұз қаласы

Мәшһүр Жүсіп көшесі, 42 "Б"

30

Ақсу қаласы

Әуезов көшесі, 81

31

Ақсу қаласы

Әуезов көшесі, 73

32

Ақсу қаласы

Әуезов көшесі, 46

33

Ақсу қаласы

Мәншүк Мәметова көшесі, 22

34

Железин ауданы, Железинка ауылы

Садовая көшесі, 7

  Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 10 ақпандағы
№ 46/2 қаулысына
2-қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 қазанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 159/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3815 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 234/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3907 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады