Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі № 234/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 тамызда № 3907 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 ақпандағы № 46/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 10.02.2021 № 46/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабы 7-тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 болып тіркелді, 2012 жылғы 13 қазандағы "Звезда Прииртышья", 2012 жылғы 13 қазандағы "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы мына мазмұндағы 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-тармақтармен толықтырылсын:

28

Павлодар қаласы

Естай көшесі, 81-үй

29

Павлодар қаласы

Естай көшесі, 58-үй

30

Павлодар қаласы

Привокзальная алаңы, 1-үй

31

Павлодар қаласы

Ак. Сәтбаев көшесі, 194-үй

32

Павлодар қаласы

Ак. Сәтбаев көшесі, 29/1-үй

33

Павлодар қаласы

Лермонтов көшесі, 100/1-үй

34

Екібастұз қаласы

Әуезов көшесі, 54-үй

35

Екібастұз қаласы

Абай көшесі, 35-үй

36

Ақсу қаласы

Астана көшесі, 19 "А"-үй


      2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А.Өрсариевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Қ. Бозымбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады