Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10014 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 361 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.12.2020 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10-1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрі

      _______________ Т. Дүйсенова

      26 қарашадағы 2014 жыл

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 20 қараша
№ 101 бұйрығымен
бекітілген

Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық іс-шараларды (спорттық жарыстарды, оқу-жаттығу жиындарын) өткізу кезінде, сондай-ақ, спортшылардың қарқынды дене шынықтыру жүктемелерінен, ауыруларымен жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезінде медициналық көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.

      2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету мыналардан тұрады:

      спортшылардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау (ағымдағы медициналық бақылау, мерзімдік медициналық тексерулер, тереңдетілген медициналық тексерулер, диагностика, диспансерлік қадағалау) және спорттық іс-шараларға жіберу туралы медициналық қорытындыларды рәсімдеу;

      спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жедел медициналық көмек көрсету;

      спорттық жұмыс қабілетін арттыру мен сақтаудың іс-шараларын, денсаулығын қалпына келтіру бойынша оңалту іс-шараларын жүргізу.

      Ескерту. 2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Спортшыларды диспансерлік қадағалауды спорттық медицина ұйымдары мен амбулаторлық-емханалық көмек көрсету ұйымдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Спорт жарыстарын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Спорт жарыстарын өткізу кезінде спортшыларға медициналық көмек көрсету үшін медициналық бригада құрылады. Медициналық бригаданың құрамында спорт жарысының бас дәрігері, спорттық медицина дәрігерлері, медбикелер және бейіндік медицинаның басқа да мамандары болады. Медициналық бригаданың жұмысына спорт жарысының бас дәрігері басшылық етеді.

      Спорт жарысының бас дәрігері спорттық жарысқа қатысушылардың санына, жарыстың деңгейіне, спорттың түріне, спорттық жарысты өткізудің ерекшеліктеріне, спорттық жарысты өткізудің шарттарына, медициналық көрсеткіштер бойынша болжамды дәрігерге жүгінулердің санына қарай медициналық бригаданы жасақтайды.

      Спорттық жарыс кезінде спортшылардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел медициналық жәрдем бригадасы спорттық жарысқа қызмет көрсетеді.

      Спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спорт жарысының бас дәрігері медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

      5. Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар оларды өткізу кезінде:

      медициналық және арнайы медициналық көмек көрсетуге қатысатын медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      медициналық көмек көрсетеді;

      медициналық эвакуация орындары мен жолдарын анықтайды;

      медициналық қызметкерлер мен команда өкілдерін (спортшыларды) медициналық көмек көрсету ұйымдарымен таныстырады;

      "Денсаулық субъектілерінен әкімшілік мәліметтерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8421 тіркелген) жарақаты, уланғаны немесе сыртқы себептердің әсерінен болған басқа да салдарлар туралы 59 нысандағы есепті дайындайды.

      Ескерту. 5-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету мына кезеңдерден тұрады:

      алдын-ала;

      тікелей медициналық қамтамасыз ету;

      қорытынды.

      7. Алдын-ала кезеңде зардап шеккендерді спорт жарыстары өтіп жатқан жерден спорттық объектідегі медициналық пунктке жеткізудің жолдары, санитарлық көліктің саны мен түрі анықталады, зардап шеккендерді медициналық ұйымға жеткізу жөніндегі медициналық жедел жәрдемнің көшпелі бригадаларымен, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер пысықталады.

      8. Спорт жарысының бас дәрігері медициналық тікелей қамтамасыз ету кезеңінде спорттық жарысты өткізуге кедергі келтіретін жағдайлар туындаса, жарысты ұйымдастырушыларға, бас төрешілер алқасына және команда өкілдеріне тиісті ақпарат береді.

      Спорт жарысының бас дәрігері бас төрешіге спорттық жарысты өткізбеу немесе кейінге қалдыруды ұсынады.

      9. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде спортшылар жарақат алған жағдайда, спорттық жарыстың медициналық бригадасы медициналық көмекті сол жарақат алған орында жүргізеді.

      Шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда зардап шеккен адамды жедел медициналық көмек бригадасы оған мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға жеткізеді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайлары Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген 067/е нысаны бойынша дене шынықтыру сабақтары мен спорт іс-шараларында көрсетілетін медициналық көмекті тіркеу журналында тіркеледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету спортпен айналысуға рұқсат беруді, спортшыларға ағымдағы медициналық бақылау жүргізуді, спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру (бұдан әрі – ТМТ) және спортшыларды кезеңдік (мерзімдік) медициналық тексеру жүргізуді, спортшыларға кешенді функционалдық тестілеу жүргізуді, спортшыларға дәрігерлік-педагогикалық бақылау (бұдан әрі – ДПБ) жүргізуді қамтиды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету оқу-жаттығу үдерісінің тиімділігін, спортшылар ағзасының функционалдық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында жүргізіледі.

      12-1. Кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде спортшының функционалдық жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі.

      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Спортшыларға ТМТ және кешенді функционалдық тестілеу спорттық медицина бөлімшелерінде (кабинеттерде), амбулаторлық-емханалық көмек көрсету ұйымдарында, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінде, спорттық медицина және оңалту орталықтарында жүргізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Медициналық тексерулер мен бақылау нәтижелері бойынша № 907 бұйрықпен бекітілген 061/е нысаны бойынша диспансерлік тексеру бойынша қорытынды беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, аурулары мен жарақаттарынан кейін қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Қарқынды дене шынықтыру жүктемелерінен кейін қалпына келтіру іс-шараларының мақсаты жаттығу үдерісінің кезеңіне және спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спортшының спорттық формасын қолдау және функционалдық жағдайын жетілдіру болып табылады.

      16. Қарқынды дене жүктемелерінен кейін қалпына келтіру шараларының бағдарламасын жасауға жаттықтырушы, команданың спорттық дәрігері және көрсетулері бойынша бейіндік бейіндік мамандар қатысады.

      17. Қарқынды дене жүктемелерінен кейін қалпына келтіру іс-шараларын өткізу үшін спорт объектісіндегі медициналық пункттің, дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің, спорттық медицина және оңалту орталығының мүмкіндіктері қолданылады.

      18. Қарқынды дене жүктемелерінен, спортшылардың науқастануы мен жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шараларын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету мен медициналық көмек көрсету диагностикалық және қалпына келтіру іс-шараларының көлемі мен сипатын анықтауды ескере отырып және зақымданудың көлемі мен сипатына, ауыру мерзіміне және спорттық дайындықтың кезеңіне қарай қолданылады.

      19. Спортшылардың зақымдану және ауыруы салдарын диагностикалауда клиникалық, аспаптық және зертханалық әдістермен қатар, зақымданған ағза немесе жүйе қызметінің бұзылуын, соның ішінде функционалдық диагностиканың аспаптық әдістерін қолдана отырып, спорттық қызметті жүзеге асыру үшін маңызды ауыру немесе жарақаттану нәтижесінде зардап шеккен спортшы қызметінің өзгеруін бағалаудан тұрады.

      20. Аурулар мен жарақаттар кезінде спортшыны қалпына келтірудің қажетті шарты оның функционалдық мәртебесі мен спорт түрінің ерекшелігі, қозғалу режимі және қалпына келтірудің барлық кезеңдерінде дене жүктемесінің өзге де түрлері болып табылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Спортшыны қалпына келтіруді іске асыру үшін оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – жеке бағдарлама) жасалады, онда аурудың немесе жарақаттың клиникалық ағымы, функционалдық мәртебесі және спорттың түрі ескеріледі.

      Спортшының жеке бағдарламасын (патология сипатын ескере отырып) спорттық медицина, емдік дене шынықтыру мамандары, функционалдық диагностика дәрігері, физиотерапевт дәрігермен бірлесе отырып, дәрігер-мамандар жасайды.

      Медициналық көрсеткіштері бойынша оңалту бағдарламасына мануалды терапевт, рефлексотерапевт, психотерапевт, травматолог-ортопед, сондай-ақ, зертханалық диагностика, сәулелік және ультрадыбыстық диагностика бойынша бейінді мамандар тартылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады