2014 жылға арналған Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы N 234/32 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 наурызда N 3735 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 ақпандағы N 1-09/51 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 10.02.2015 N 1-09/51 хатымен).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 23.09.2014 N 325/43 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылы Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 23.09.2014 N 325/43 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы,қалалық
      маслихаттың хатшысы

М. Желнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады