Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы "2014 жылы Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 234/32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 325/43 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 қыркүйекте № 4033 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 ақпандағы N 1-09/51 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 10.02.2015 N 1-09/51 хатымен).
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» № 837 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы «2014 жылы Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» № 234/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3735 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 наурыздағы № 11 «Шаһар» газетінде және 2014 жылғы 24 наурыздағы «Версия» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылға арналған Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылы Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы, қалалық
      мәслихаттың хатшысы

М. Желнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады