Ақсу қаласының ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 05 мамырдағы № 336/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 мамырда № 3813 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 430/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 18.05.2016 № 430/5 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғалуға және жұмыс іздестіруде қиыншылықтарды бастан кешіріп жүрген аса мұқтаж мүгедектерге қосымша кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысандарына қарамастан Ақсу қаласының ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді квота берілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімінің міндетін атқарушы Б. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады