Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11, 16-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 207/26 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3787 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы № 18 "Отарқа", 2014 жылғы 7 мамырдағы № 18 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланды), келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнін кіріспесіндегі "11-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына, 16-бабына" сөздері "11, 16-баптарына" сөздерімен ауыстырылсын;
Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 6 тармағы 1) тармақшасындағы "Мүгедектер күні" сөздері "Қазақстан Республикасының мүгедектер күні" сөздерімен ауыстырылсын;
Қағидалар қосымшасының 2 тармағындағы:
үшінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын: "осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында, алушының мәртебесін көрсете отырып өтініш негізінде, тұрғын үйді ағымдағы жөндеуге бірақ 800000 (сегіз жүз мың) теңгеден артық емес нақты шығындарына. Алушы әлеуметтік көмекті алғаннан кейін құрылыс материалдарын алғандығын растайтын құжаттардың көшірмелерін (түбіртектер, тауар чектері), орындалған жұмыстар актісін тапсырады;";
оныншы абзац жойылсын;
он төртінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын: "осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасында амбулаторлық емделу кезінде 5 АЕК мөлшерінде - "Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынмен ұсынылған тізімнің негізінде";
жиырма бірінші абзацы "коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны" сөздерінен кейін ", Павлодар қаласы емдеу мекемелерінің гематологиялық бөлімшелері" сөздерімен толықтырылсын;
қосымшаның 4 тармағының екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын: "осы Тізбенің 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (ағымдағы жылғы түлектер) мемлекеттік білім беру грантына үміткер болуға конкурстан өтпеген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысының толық құны мөлшерінде әлеуметтік көмек ұсынылады - өтініштің, білім беру қызметтерін көрсетуге Екібастұз қаласы әкімінің, жоғары оқу орынның және/немесе Екібастұз қаласы колледжінің басшысының және студенттің қолдары қойылған үш жақты келісімшарт негізінде;";
қосымшаның 5 тармағы "басқыш алаңы бойынша арбадағы мүгедектерді көлікпен тасымалдау" сөздерінен кейін ", амбулаторлық емделудегі туберкулез ауруымен сырқат науқастарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша қызметтер ұсыну" сөздерімен толықтырылсын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Шаихов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Құспеков |