2014 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы N 66 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 наурызда N 3742 болып тіркелді

     Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 23.01.2015 № 26/1-15/77 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) елу жастан асқан тұлғалар;
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) бірде-бір жұмыскері жоқ отбасынан шыққан жұмыссыз тұлғалар.
      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын іске асыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкіміМ. Сейтахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады