Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 315 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қаңтарда № 4255 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі N 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 22.04.2015 N 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу және оларды аттестаттаудан өткiзу қағидаларының 27-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасы міндетін атқарушысының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың Үлгiлiк әдiстемесiнің 2-тармағына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдардың "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына міндеттелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "9" желтоқсандағы
№ 315 қаулысына
қосымша

Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдардың "Б" корпусы әкімшілік
мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Осы Әдістеме негізінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жүзеге асырылады.
      3. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      4. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      5. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);
      3) қызметшінің қорытынды бағасынан тұрады.
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      6. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы "тиімді" деген баға алуы, оны лауазымы бойынша көтеруге негіз болып табылады.
      8. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      9. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      10. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны аудан әкімі құрады.
      11. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      12. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы табылады.
      Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 5-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      13. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      14. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      15. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      16. Осы Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      17. Осы Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      18. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.
      19. Осы Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      20. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      21. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      22-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      22. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      23. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      24. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      25. Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтер тізіміне енгізіледі.
      26. Осы Әдістеменің 22-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      27. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      28. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      29. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  Ақтоғай ауданы әкімдігі
атқарушы органдардың "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
  нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:_____________________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________
      __________________________________________________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
 
 
Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) __________
күні ___________________________
қолы _________________________
Тікелей басшы (Т.А.Ә.) ________________
күні ______________________________________
қолы ______________________________________
 
 
 
 
 
 

  Ақтоғай ауданы әкімдігі
атқарушы органдардың "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
  нысан

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:____________________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________
       _________________________________________________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға (балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
 

  Ақтоғай ауданы әкімдігі
атқарушы органдардың "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
  нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________
      (мемлекеттік орган атауы)

№ р/р
Қызметшінің Т.А.Ә.
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
 
 
 
 

 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
       ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы:__________________________Күні: _________________
      (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия төрағасы:_______________________Күні: __________________
      (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия мүшесі:______________________________Күні: _______________
      (Т.А.Ә., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады