"Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 340 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 ақпанда № 4301 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 14.02.2017 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілісін.
      2. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы
әкімдігінің 2014 жылғы
"31" желтоқсандағы
№ 340 қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында білім беру саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел образования Актогайского района".
      11. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
      "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00 - 18.30-ға, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға, аптасына 5 жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      12. Мемлекет Ақтоғай ауданы әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Ақтоғай ауданында білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу және білім беру саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
      18. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты аудан деңгейінде жүзеге асыру болып табылады.
      19. Негізгі міндеттері:
      1) мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру және басқару жолымен аудан аумағында мемлекеттік білім беру саясатын жүргізу;
      2) тұлғаның интеллектуалдық потенциалын дамыту, оны мемлекеттік стандарттарының деңгейіне сәйкес келетін толық, жоғары сапалы білімімен қамтамасыз ету;
      3) белсенді азаматтық ұстанымы және отаншылдықтың жетілген сезімі бар тұлғаны тәрбиелеу, Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      4) ғылыми жетістектерін, білім беру басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен жаңа технологияны ендіру, білім ұйымдарының білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің білімдері мен тәжірибелерін ең жақсы қолдануына арналған жағдайларын жасау;
      5) білім жүйесіндегі қызметкерлердің заңнамада көзделген әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;
      6) материалдық–техникалық базаны дамыту және нығайту;
      7) мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау.
      20. Функциялары:
      1) білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      2) ведомстволық бағынысты ұйымдарының білім беруді дамыту бағдарламаларын мемлекеттік стандарттар негізінде іске асыру бойынша жұмысын ұйымдастырады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;
      4) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне жәрдемдеседі;
      6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
      7) педагогикалық кадрлардың қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастырады;
      8) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
      9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      10) балаларға аудан деңгейінде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      12) мектеп олимпиадаларын және жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарын, аудандық деңгейіндегі конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
      13) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық пен қорғаншылық бойынша функцияларын жүзеге асырады;
      14) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуін, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруын және тұрғын үймен қамтамасыз етуін жүзеге асырады;
      15) патронаттық тәрбиешінің ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару жолымен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз етеді;
      16) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      17) Алынып тасталды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 17.03.2016 № 52 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      18) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз етеді;
      20) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 17.03.2016 № 52 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік үдіресін ұйымдастыруының сапасын бақылауды жүзеге асыру;
      2) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға білім беру саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      4) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      5) "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.

3. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      23. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      25. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      7) "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      12) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      26. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      27. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
      28. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      29. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

4. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.
      31. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
      32. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      33. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      34. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      35. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекеменің қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

"Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      36. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:
      1) Ақтоғай ауданы әкімдігінің "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар мен жасөспірімдердің "Жігер" клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      2) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      3) Ақтоғай ауданы әкімдігінің, Ақтоғай ауданының білім бөлімінің "Өнер мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      4) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қараоба орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Махмет Қайырбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Агрономия орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Х. Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Тіленшін атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қ. Ыдырысов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Приреченск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Еңбекші орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Естай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шолақсор орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шідерті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Нығыман Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Нығманов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) Алынып тасталды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 17.03.2016 № 52 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      21) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Ақбидай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Балтасап негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Жамбыл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Қарақоға негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Ленин негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Разумовка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Шілікті негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Қарабузау бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      29) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Жалаулы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      30) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Кубан бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      31) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Абай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      32) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Жаңатап бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      33) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Мүткенов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      34) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының Өтес бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 17.03.2016 № 52 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады