Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 28 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 5393 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Әмірин

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "14" ақпандағы
№ 28 қаулысына
қосымша

Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші
жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 340 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы аудандық № 6 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған);
      2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 31 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4368 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 наурыздағы аудандық № 11 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған);
      3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 152 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4539 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 шілдедегі аудандық № 26 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған);
      4. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 31 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4965 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурыздағы аудандық № 11 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған);
      5. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы "Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 340 "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 52 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5068 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 сәуірдегі аудандық № 17 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады