Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жаңатілек ауылдық округінің Жаңатілек ауылында ауыл шаруашылық малдардың құтырма ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша) осы шешімге сәйкес, шара қолдансын.
3. Жаңатілек ауылдық округінің ветеринариялық пунктің меңгерушісі (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Ж. Мұсабаев |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасы | |
ауыл шаруашылық | |
Министрлігі ветеринариялық | |
бақылау және қадағалау | |
комитетінің Баянауыл | |
аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысы, | |
ауданың бас мемлекеттік | |
ветеринариялық-санитарлық инспекторы | Р. Нұрғалиев |
"26" желтоқсан 2014 жылғы | |
"Қазақстан Республикасы | |
Тұтынушылардың құқықтарын | |
қорғау агенттігінің | |
Павлодар облысы тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау | |
департаментінің Баянауыл | |
аудандық тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекемесі басшысы | Т. Н. Ишанова |
"26" желтоқсан 2014 жылғы | |
"Баянауыл ауданының | |
ветеринария бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Н. Т. Дәулетов |
"26" желтоқсан 2014 жылғы |