Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің 26.05.2014 N 4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 35-бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ұзынбұлақ ауылдық округінің Ақши ауылында және кадастрлық нөмірі N 14-205-103-007, жер учаскесінің көлемі 613,8 га аумағындағы ауыл шаруашылық малдардың құтырма ауруының эпизоотиялық ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы Р. Нұрғалиевке (келісім бойынша) көрсетілген іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ветеринариялық инспекторы Қ. Омаров сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі А. Мұқанов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылық Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
инспекторы Р. Нұрғалиев
07 наурыз 2014 ж
"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар
облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Баянауыл аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушысы Т. Н. Ишанова
07 наурыз 2014 ж
"Баянауыл ауданының ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы Н. Т. Дәулетов
07 наурыз 2014 ж