РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға қолдау көрсету мақсатында Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
Железин ауданының ұйымдарындағы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайызы мөлшерінде;
Железин ауданының ұйымдарындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайызы мөлшерінде.
2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар бағытын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Абушахманов |