Железин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 02/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабы негізінде, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамамен сәйкестікке келтіру мақсатында Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" № 151/5 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 29 мамырында № 3832 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 маусымда аудандық "Родные просторы" газетінің № 24 санында жарияланған және 2014 жылғы 14 маусымда "Туған өлке" газетінің № 24 санында жарияланған);
      2015 жылғы 1 маусымдағы "Железин ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 143/6 қаулыларының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 16 маусымында № 4528 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 маусымда аудандық "Родные просторы" газетінің № 25 санында жарияланған және 2015 жылғы 27 маусымда "Туған өлке" газетінің № 25 санында жарияланған) күші жойылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің м.а. Б. Аужанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады