Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 222-5/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 4175 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 246/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 13.08.2018 № 246/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3746 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 наурыздағы аудандық "Родные просторы", "Туған өлке" газеттерінің № 5 сандарында жарияланған) № 176-5/25 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары:

      7-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.";

      10-тармақтағы 1) тармақшада:

      төртінші абзац "Халықаралық қарттар күніне" сөздері "Халықаралық қарттар күніне" сөздерімен ауыстырылсын;

      бесінші абзац "Халықаралық мүгедектер күніне" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы В. Неупокоев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады