Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 наурыздағы N 176-5/25 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 наурызда N 3746 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 маусымдағы № 20/6 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 13.06.2016 № 20/6 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" N 504 Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Железинка аудандық мәслихаты
      сессиясының төрайымы Е. Волкова
      Железинка аудандық
      мәслихатының хатшысы В. Крутиков

  Железинка аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 26 ақпандағы
N 176-5/25 шешімімен
бекітілген

Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" N 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар).

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Железинка ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшер бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – "Железинка ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Железинка аудандық бөлімі;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Железинка ауданының село, селолық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері;
      11) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
      12) шартты ақшалай көмек – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      14) Жұмыспен қамту орталығы – ауданның жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрған "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Железин ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі;
      15) отбасыға көмектің жеке жоспары – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімделу бойынша әзірлеген іс-шаралар кешені.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардың алушының шотына аудару жолымен ұсынылады.
      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
      2) 9 мамыр – Жеңіс Күні;
      3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;
      4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 05.11.2014 N 222-5/30 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек мына санаттар қатарынан азаматтарға ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері (бұдан әрі – ҰОС);
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      бұрынғы Кеңес СРО үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңес СРО Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); оқу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңес СРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе зақымданған, не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңес СРО ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;
      1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС апаттың, басқа радиациялық апаттар мен азаматтық және әскери мақсаттағы объектілердегі авариялардың әскери зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
      бұрынғы Кеңес СРО қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңде орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:
      Ауғанстандағы соғыс қимылдары немесе басқа мемлекеттердегі жүргізілген соғыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы;
      қайта некеге тұрмаған әйелі (күйеуі);
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болған соғыс қатысушыларының, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
      ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес СРО ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар;
      5) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдар;
      6) ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар, атап айтқанда:
      зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар;
      80 жастағы және одан үлкен жастағы азаматтар;
      7) мүгедектер, атап айтқанда:
      он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      бірінші, екінші топ мүгедектері;
      үшінші топ мүгедектері;
      кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектер;
      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (одан әрі - атаулы көмек) және (немесе) мемлекеттік жәрдемақы берілетін он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (одан әрі - мемлекеттік балалар жәрдемақысы) алатындардың ішінен кәмелет жасқа толмаған төрт балалы және одан да көп балалы әйелдерге;
      9) жалпы білім беру мектептерінің түлектері санынан тұлғалар, атап айтқанда:
      жетім балалар;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын отбасылардағы балалар;
      10) аз қамтамасыз етілген азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:
      уәкілетті органда тіркеуде тұратын жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын жұмыссыз азаматтар;
      бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан азаматтар;
      өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғалар: бір айдан аса ұзақ ауыру;
      төтенше жағдайдағы өрттің немесе апатты зілзалалардың салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған азаматтар (отбасылар);
      12 аптаға дейінгі жүктілігіне байланысты Железин аудандық ауруханасына дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін);
      атаулы көмек және (немесе) мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатындар ішінен азаматтар;
      медициналық мекеменің қорытындысы бойынша балаға арналған қосымша тамаққа мұқтаж бір жасқа дейінгі жастағы балалары бар, орташа табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің бір реттік мөлшерінен аспайтын азаматтарға (отбасыларға) (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін);
      11) әлеуметтік маңызды ауруы бар азаматтар, атап айтқанда:
      онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;
      туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғалар;
      орталық нерв жүйесінің алаңғасарлық ауруымен зардап шегуші тұлғалар.
      12) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын отбасылар.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 23.07.2014 N 210-5/28 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2015 N 283-5/35 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      10. Уәкілетті орган табысын есептемей көрсетеді:
      1) атаулы күндер мен мереке күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
      Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға;
      Жеңіс Күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға;
      Халықаралық қарттар күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға;
      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасының бірінші, екінші және төртінші абзацтарында көрсетілген санаттарға;
      2) біржолғы әлеуметтік көмек:
      осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққаны туралы анықтаманың негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 11) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, науқастықты растайтын анықтамалардың негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттарға (арнайы комиссияның шешімі бойынша) 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісінің және Железин ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі анықтамасының негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға оқу жылы үшін жоғары оқу орындарында оқудың нақты құны мөлшерінде осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қоса уәкілетті органға өтініштің Железин ауданы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшартының негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға үйін жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға немесе село, селолық округ әкіміне осы Қағидалардың 15-тармағының 1, 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 54 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде (арнайы комиссияның шешімі бойынша);
      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 2 кезеңдік басылымға жазылуға нақты шығындар бойынша, бірақ 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес, уәкілетті органға өтініш негізінде;
      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін 7,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 2), 3) тармақшаларында, 4) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 3,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде, жолақысының нақты құны мөлшері ретінде төлем 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға емделу және қаралу үшін бірге жүрушілердің 40 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, медициналық мекеме жолдамасының ұсынумен;
      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға дәрі алу үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 11) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға амбулаториялық емделу кезеңінде тамақтану және жол жүру үшін 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Железинка туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын тізімнің негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасының екінші абзацында (бірінші топ мүгедектері ғана) көрсетілген санаттарға емделу және қаралу үшін (санаторлық-курорттық емделуді қоса) уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінішті, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасын, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау анықтамасын ұсынумен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға оқу кезеңіне тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне баруы үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қоса уәкілетті органға өтініштің Железин ауданы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшартының негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттарға балабақшада балаларды қамтамасыз етуге төлеу үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, баланың туу туралы куәлігінің, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, балабақшадан анықтаманың негізінде.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 23.07.2014 N 210-5/28 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2014 N 222-5/30 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2015 N 283-5/35 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      11. Уәкілетті орган табысын есепке алуымен көрсетеді:
      1) біржолғы әлеуметтік көмек:
      осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттарға 16,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, жүктілік туралы медициналық мекемеден анықтамалардың негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының жетыншы абзацында көрсетілген санаттарға жеке шаруашылығын дамытуға 58 айлық есептік көрсеткіш, жем-шөп сатып алуға 29 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (ауыл шаруашылық жануарларын сатып алу фактісі бойынша) уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде.
      осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға оқу жылы үшін жоғары оқу орындарында оқудың нақты құны мөлшерінде осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қоса уәкілетті органға өтініштің Железин ауданы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшартының негізінде;
      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген жан басына шаққандағы орташа табысы облыспен белгіленген күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын санаттарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, медициналық мекеме анықтамаларының негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға оқыту және кәсіптік даярлау мен қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсын өту кезеңіне 5,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға оқу кезеңіне тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне баруы үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қоса уәкілетті органға өтініштің Железин ауданы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшартының негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттарға 5 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініші негізінде;
      осы Қағидалардың 9-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген санаттарға әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (адамның) әрбір мүшесіне отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Шартты ақшалай көмектің мөлшері отбасының құрамы өзгерген, сондай-ақ отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу кезінде ұсынылған табыстарды есепке ала, атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тоқтатылған кезде, аталған жағдайлар туындаған сәттен, бірақ тағайындау сәтінен ерте емес, қайта есептеледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 30.03.2015 N 283-5/35 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2015 N 299-5/37 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша уәкілетті органмен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.
      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе село, селолық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірін көрсетумен:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе село, селолық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе село, селолық округ әкіміне жібереді.
      Село, селолық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе село, селолық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе село, селолық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      25. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      26. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      27. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды Железин ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      27-1. Отбасы (адам) әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекке жүгінген кезде уәкілетті орган, селолық округ әкімі консультация өткізу деңгейінде көмектің көрсетілу шарттарын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына келісім берген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеді, әңгімелесу барысында отбасының (азаматтың) мәселелері туралы ақпаратты нақтылап, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктерін айқындайды, сонымен қатар алдын-ала мыналарды анықтайды:
      1) талапкердің шартты ақшалай көмек алуына құқығы;
      2) жұмыспен қамтылуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша әңгімелесу парақшасы ресімделеді және осы Қағидаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады.
      Өтініш беруші шартты ақшалай көмек алу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
      Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының (адамның) жан басына шаққандағы орташа табысы, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды қоспағанда, отбасы мүшелерінің санына және үш айға шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айының алдыңғы үш ай ішінде алынған жиынтық табысты бөлу жолымен есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Сонымен бірге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-п бұйрығымен бекітілген жиынтық табысын есептеу Қағидасына сәйкес есептеледі.
      Осы Қағидалардың 9-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын тұлғаларға (отбасыларға) отбасының белсенденділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау кезінде отбасының (тұлғаның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына қатысу және отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделу қажеттілігі жағдайында, еңбекке қабілеттілерді қосқанда (бұдан әрі – әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек) беріледі.
      Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын қолдану мерзіміне беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айда бір рет төленеді.
      Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құс және тағы басқаларды сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      Ескерту. Қағида 27-1-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау

      Ескерту. Қағида 3-1 бөліммен толықтырылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Өтініш берушімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалады.
      Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмегін алу құқығын белгілегеннен кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін көмек көрсетудің жеке жоспарын осы Қағидаға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес әзірлеуге және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасауға шақырады.
      Сонымен қатар бірінші және екінші топтағы мүгедектерден, окушылардан, студенттерден, тыңдаушылардан, курсанттар мен күндізгі оқу магистранттарынан басқаларын, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына белсенді қатысу үшін жолданады немесе Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражатымен іске асырылатын басқа да жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға жолдамалар ұсынылады.
      Жеке жоспар өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірігіп әзірленеді және аз қамтылған азаматтардың тұрмыс деңгейін жақсарту үшін отбасын (азаматты) кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша жоспарланған іс-шаралардан тұрады, соның ішінде:
      уәкілетті органның және (немесе) Жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен белсенді жұмыс іздеу және олар ұсынған жұмыс орнына орналастыру;
      кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту;
      жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;
      халықтың нысаналы тобының мерзімді скринингтен өту;
      отбасы құрамында жүкті әйел болған жағдайда, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына 12 аптаға дейінгі жүктілік бойынша тіркеуге тұрғызу және жүктілік мерзімінің аяғына дейін бақылауда болу;
      маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез сияқты сырқаттар болған жағдайда өз еркімен емделу;
      арнаулы әлеуметтік көмек және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын дер кезінде алу;
      аз қамтылған отбасының (азаматтың) қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша кәсіптік және әлеуметтік бейімделу бойынша басқа да іс-шаралар.
      Келесідей жағдайларды есепке алмағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу отбасының жұмысқа қабілетті мүшесінің міндетті шарты болып табылады:
      стационарлық, амбулаториялық (санаторлық) емделудің мерзімінде (медициналық ұйымдардан құжаттардың сәйкестігін куәландыратын қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда);
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттік шараларына қатысуға негізгі талапкердің жүзеге асыруынан басқа, үш жасқа дейінгі балаға қарау, он сегіз жасқа толғанға дейінгі мүгедек-балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, үнемі көмек және күтімді қажет ететін сексен жастан асқан қарт адамдарға.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, тағы да алты айға ұзарту мүмкіндігімен, бірақ бір жылдан көп емес отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған жағдайда және (немесе) отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерінің кәсіби оқуын аяқтамаған жағдайда және (немесе) жастар практикасынан өтуде және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеу жағдайында жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған кезде әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері қайта қарастырылмайды.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, біреуі өтініш берушіге, тіркеу журналында қолын қойғызып беріледі, екіншісі отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт жасаған ұйымында сақталады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мониторингі шартты жасаған органмен жүзеге асырылады.
      Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық кезеңінде қолдау жасайды және жеке жоспардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ оның тиімділігін бағалайды.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздер

      28. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
      5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамау және (немесе) бұзу жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      Ескерту. 5-бөлім жаңа редакцияда - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      30. Әлеуметтік көмек берудің мониторингі мен есепке алынуын уәкілетті орган "Е-Собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүргізеді.

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
1-қосымша

Шартты ақшалай көмек алу үшін әңгімелесу парағы

      Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Өтініш берушінің Т.А.Ә .__________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
__________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: __________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері) :

Отбасы мүшелері
Кәсібі
Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері
Жалпы жұмыс өтілі
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі
Еңбек дағдылары мен шеберлігі
Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
Зайыбы (жұбайы)
 
 
 
 
 
 
Басқа ересектер
 
 
 
 
 
 

      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші:__________________________________________
Зайыбы (жұбайы):_______________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері:_________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас______________________
Отбасындағы қиындықтар__________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді___________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы
      __________________________________________________________________
Басқа__________________________________________________________
      Тараптардың қолдары
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі            Қатысушы (лар)
___________________ (қолы)                  _________________ (қолы)
___________________ (күні)                  ___________________ (күні)

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
2-қосымша

Өтініш берушінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Өтініш беруші және бір мекенжай бойынша орналасқан отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Т.А.Ә.
Туған жылы
Туыстық қатысы
Негізгі қызметі
(жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, (мектеп жасына дейінгі бала)
Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны
15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі)
 
 
 
 
 
 
Басқа мекенжай бойынша орналасқан отбасы мүшелері туралы мәліметтер: (жұбайы/зайыбы, кәмелетке толмаған балалар)
________________________________________________________________________________

      Мектепке жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма ____________________________________________________________________

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады.
Р/с №
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар жұмыспен қамту уәкілетті органының тіркелімінде екенін растайтын анықтама ұсынады)
Құжатпен расталған табыс сомасы
Басқа да көрсетілген табыстары
Жұмыс орны қызметінен
Зейнетақы, жәрдемақы
Кәсіпкерлік қызметтен
шәкіртақы
алименттер
Басқа табыстар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады.
Р/с №
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар жұмыспен қамту уәкілетті органының тіркелімінде екенін растайтын анықтама ұсынады)
Құжатпен расталған табыс сомасы
Басқа да көрсетілген табыстары
Жұмыс орны қызметінен
Зейнетақы, жәрдемақы
Кәсіпкерлік қызметтен
шәкіртақы
алименттер
Басқа табыстар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады.
Р/с №
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар жұмыспен қамту уәкілетті органының тіркелімінде екенін растайтын анықтама ұсынады)
Құжатпен расталған табыс сомасы
Басқа да көрсетілген табыстары
Жұмыс орны қызметінен
Зейнетақы, жәрдемақы
Кәсіпкерлік қызметтен
шәкіртақы
алименттер
Басқа табыстар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       *Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы: тұрғын ауданы: _______ шаршы метр;
      меншік нысаны: ________;
      ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны; тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, апаттық жағдайда, жөнделмеген);
(қажеттісінің астын сызу);
      үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, сабан, іргетасы жоқ сабан, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй)
(қажеттісінің астын сызу);
      тұрғын үйдің жабдықталуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон)
      (қажеттісінің астын сызу).
      Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:

Мүліктің түрі
Мүліктің сипаттамасы
(саны, көлемі, үлгісі және т.б.)
Тиесілігі
 
 
 
 
 
 

      Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:
      ____________________________________________________________________
өтініш беруші____________________________________________________
зайыбы (жұбайы)_________________________________________________
балалар__________________________________________________________
басқа да туысқандар_______________________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:________________________________________
Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
      тамақтануға да жетпейді;
      тамақтануға ғана жетеді;
      тамақтануға және басты қажеттілік заттарына ғана жетеді;
      балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ.
      Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі) _____________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
      бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
      іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналастыру;
      микрокредит беру;
      кәсіптік оқыту (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
      әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
      "Жастар практикасына" қатысу;
      әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
      _____________ ________________________ _______________
(күні) (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
3-қосымша

 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ____________________________
(облысы, ауданы, елді мекені)
____________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________
(елді мекені, ауданы)
___________мекенжайы бойынша тұратын
________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
құжат, жеке куәлік № _________________
берілген күні _________________________
ЖСН ____________________________
 

Өтініш

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек тағайындауды сұраймын.
      Осымен жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін.
      Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
      Мен мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы менің отбасымның мүшелері туралы ақпарат алуға келісім беремін.
      Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады.
      Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді.
      Мен атаулы әлеуметтік көмектен (отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда) бас тартамын және менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін.
      Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір мезгілде мынадай көмектерді көрсетуіңізді сұраймын:
      тұрғын үй көмегі;
      арнайы әлеуметтік қызметтер;
      мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек).
      "____"__________20__ ж. _____________________
      (күні) (өтініш берушінің қолы)
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін_______________________________________________________
Құжаттар "____"__________20__ ж. қабылданды
      _______________________________________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және қолы)
      Отбасының тіркеу нөмірі
      Өтініш қоса берілген құжаттармен "__"__________ 20__ ж. учаскелік комиссияға берілді. "__"__________ 20__ ж. қабылданды.
      ________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы)
      Өтініш берушінің қолы _______________
       _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
      (қию сызығы)
      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілдім.
      Азамат __________________________өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының _____________ тіркеу нөмірімен "____" _____________20__ ж. қабылданды.
      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы __________________________________________________

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
4-қосымша

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      ______________________ № ____ 20 __ жылғы "_____"_____________
(жасалған орны)
      ____________________________________________________________атынан
      (уәкілетті органның атауы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
      __________________________________________________________________
      уәкілетті өкілдің атқаратын лауазымы)
      бұдан әрі _____________________________ деп аталатын бір тараптан және
шартты ақшалай көмекті алатын отбасы атынан азамат
      __________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді) ___________________________ мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан отбасының белсенділігін арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі – келісімшарт) төмендегілер туралы жасасты:

            1. Келісімшарт мәні

      1. Келісімшарт мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен отбасы (адам) жүзеге асыратын отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

            2. Келісімшарт тараптарының міндеттері

      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда отбасының_____мүшесіне:
      _______________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
      ___бастап__дейінгі кезеңге ай сайын______ (_______________________) теңге
      (сома жазумен)
      мөлшерінде және (немесе) бір жолғы _____ (_______________________) теңге
      (сома жазумен)
      мөлшерінде (жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малын, құсын сатып алу) жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру) шартты ақшалай көмекті төлейді;
      2) келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Отбасыға көмектің жеке жоспарына (бұдан әрі – Жеке жоспар) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) бойынша іс-шаралар ұсынуды ұйымдастырады;
      3) отбасының өзін-өзі қамтамасыз етуге өтуіне ықпал және келісімшартты іске асыру мерзімі ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
      4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;
      5) шартты ақшалай көмек алушы оның отбасы мүшелерінің Жеке жоспарды орындау бойынша келісімшарттың міндеттемелерін орындауына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
      3. Шартты ақшалай көмек алушы және оның отбасы мүшелері:
      1) әлеуметтік келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде белсенді іс-әрекеттер қабылдайды;
      2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындайды;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
      4) халықтық нысаналы топтары скринингтік тексеруден өтеді, отбасы мүшесінде жүкті әйел болған кезде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында жүктілігі 12 аптаға дейін есепке тұруды және жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде қадағалауды жүзеге асырады;
      5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шартты ақшалай көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады;
      6) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлайды;
      7) шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда заңсыз алынған ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарады.

            3. Тараптардың құқықтары

      4.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) отбасының (адамның) және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші адамдардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша мәліметтер сұратады;
      2) отбасының материалдық жағдайын тексереді;
      3) алынған ақпаратты шартты ақшалай көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдаланады;
      4) егер отбасы жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтатады;
      5) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
      6) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.
      5. Шартты ақшалай көмек алушы:
      1) келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алады;
      2) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты шартты ақшалай көмекті қайта есептеуді талап етеді;
      3) Жеке жоспар іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алады.

            4. Келісімшарттың талаптарын орындамағаны
үшін тараптардың жауапкершілігі

      6. Шартты ақшалай көмек алушы және оның отбасы мүшелері шартты ақшалай көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы отбасына келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта, сондай-ақ Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
      8. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
      9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

            5. Күтпеген жағдайлар

      10. Тараптар азаматтық заңнамада көзделген күтпеген жағдайлар туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      12. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы____(кезеңді көрсету) асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.

            6. Өзге де талаптар

      13. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      14. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20 ____ жылды қоса қолданылады.
      15. Келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасы осы келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығы мен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзылады.
      16. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.

            7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

 
 
___________________________________
Уәкілетті органның толық атауы
___________________________________
(мекенжайы)
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________
(қолы)

_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________
(мекенжайы)
_____________________________
(қолы)
_____________________________
(қолы)

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
5-қосымша

Отбасыға көмектің жеке жоспары

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.04.2016 N 8/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Уәкілетті орган_________________________________________________
Көмекті алушы:______________________________________________
(тегі аты, әкесінің аты, тұратын мекенжайы)
Келісімшарттың қолданылуы басталған күн:______________________
Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн:___________________
Қажетті іс-әрекеттер:_________________________________________
      1. Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20___жыл _______________ (айын көрсету) іс-шаралар жоспары және сол бойынша 20___жыл__________ (айын көрсету) есептілікті ұсыну.


Тегі, аты, әкесінің аты
Іс-шаралар
Орындалу мерзімі
Жауапты маман
Көмекті, қызметті ұсынатын орган (мекеме)
Күнін көрсете отырып, орындалуы туралы белгі
Нәтижесі (бағалау)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Жүргізілген іс-шаралар бойынша келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың түпкілікті қорытындысы: _______________________________________________________________
Қажетті өзара іс-әрекеттер:
      жұмыспен қамту органымен__________________________________
денсаулық сақтау органымен_______________________________
басқа да байланыстар________________________________________
Қолы:_______________ Күні:_______________
(Кезеңдер саны отбасындағы нақты жағдайлар мен бейімдеу бағдарламасына байланысты)
      Берілетін көмектің түрлері:


Ай сайынғы жәрдемақы
Біржолғы төлем
Жергілікті бюджеттің есебінен іске асырылатын өзге де көмек түрлері
 
 
 
 

      Біржолғы төлем кезінде:
Шығын сметасы:

Сатып алынған техниканың, жабдықтардың және басқа да атаулары
Сомасы, мың теңге
 
 
Барлығы:
 

      Отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы, теңгемен:

Келісімшарт жасалғанға дейін
Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша
Шартты ақшалай көмек мөлшерін қоса есептегенде
Шартты ақшалай көмек мөлшерін есептемегенде
 
 
 

      Жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі туралы қорытынды
_________________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі:
_________________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________
(қолы)
20____жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады