Железин ауданы Еңбекші ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 229-5/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада № 4184 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 64/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 64/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Железин ауданы Еңбекші ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының заңдылық, тәртіп және азаматтардың үндеулері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихаттың хатшысы

В. Неупокоев
В. Крутиков



Железинка аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
5 қарашадағы № 229-5/30
шешімімен
бекітілген

Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Железин ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Железин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Еңбекші ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Железин ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Железин ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі немесе ол өкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Железинка аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады