Железин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы № 251-5/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 қарашада № 4204 болып тіркелді. Күші жойылды -Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 53/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 24.09.2021 № 53/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуға 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының бюджет және әлеуметтік–экономикалық даму бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы

В. Неупокоев
 
В.Крутиков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады