Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 150/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 мамырда № 3826 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы N 333/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 31.12.2015 N 333/9 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 21-бабының 1-тармағына, Қазақтан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының квоталары:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайызы мөлшерінде;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайызы мөлшерінде;
      интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін меншік түріне қарамастан, Ертіс ауданының ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру арқылы квоталанатын жұмыс орындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік сұрақтарына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Пішенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады