1. Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған қаулыларының күштері жойылсын деп танылсын:
1) 2014 жылғы 10 ақпандағы "Ертіс ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы" № 50/1 қаулысы, (2014 жылдың 27 ақпанда Павлодар облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3716 болып тіркелген, № 9 Ертіс Нұры және № 9 "Иртыш" газеттерінде 2014 жылдың 8 наурызында жарияланған);
2) 2014 жылғы 6 мамырдағы "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 150/4 қаулысы. Павлодар облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде, 2014 жылдың 23 мамырында № 3826 болып тіркелген Ертіс Нұры № 21 және "Иртыш" № 21 газеттерінде 2014 жылдың 7 маусымында жарияланған).
3) 2015 жылғы 16 қаңтардағы "Ертіс ауданы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 12/1 қаулысы, (Павлодар облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 16 қаңтарында № 4279 болып тіркелген, № 4 Ертіс Нұры және № 4 "Иртыш" газеттерінде 2015 жылдың 31 қаңтарында жарияланған).
4) 2015 жылғы 20 мамырдағы "Ертіс ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 151/4 қаулысы, (Павлодар облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 17 маусымында № 4532 болып тіркелген, № 25 "Ертіс Нұры" және № 25 "Иртыш" газеттерде 2015 жылдың 27 маусымында жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Аудан әкімі | В. Дубовицкий |