Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 335/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 4209 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы N 65/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 02.03.2015 N 65/3 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық–атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Ертіс/ауданының/әкiмдiгi/ҚАУЛЫ/ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Ауыл және ауыл округтерінің әкімдері Ертіс аудандық қылмыстық–атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін сотқа тоқсан сайын ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына/жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Пішембаев

  Ертіс ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы "27" қарашадағы
№ 335/9 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге
сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерi

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау;
      2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту;
      3. Аумақты қардан тазарту;
      4. Аумақты қоқыстан тазарту;
      5. Аумақты арамшөптен тазарту;
      6. Қоқысты жинау және шығару;
      7. Жас бұтақтарды кесу;
      8. Ағаштарды кесу;
      9. Ағаштарды әктеу;
      10. Ағаштар егу;
      11. Гүлзарларды бөлiп отырғызу;
      12. Көгалдарды қолмен қайта қазу;
      13. Шөптi шабу;
      14. Ғимараттарды әктеу;
      15. Ғимараттарды сырлау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады