Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 04 шілдедегі № 218/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 шілдеде № 3875 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 15.01.2016 № 3 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметі есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және жұмысқа орналасуға мұқтаж кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауда жәрдем көрсету мақсатында Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      3. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      4. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      5.1Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік меселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Күлжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады