1. Качир ауданы әкімдігінің қосымшаға сәйкес кейбір қаулыларының күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.М. Габидулинге жүктелсін.
Аудан әкімі | Ж. Шұғаев |
Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "15" қаңтардағы "Качир ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп тану туралы" № 3 қаулысына қосымша |
Качир ауданы әкімдігінің күші жойылды
деп танылған қаулылардың тізбесі
1. Качир ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы "Качир ауданы тұрғындарының нысаналы топтарына кіретін тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 413/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3643 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 52 "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған);2. Качир ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы "Качир ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы" № 60/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3713 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 наурыздағы № 10 "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған);
3. Качир ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 218/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3875 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдедегі № 29 "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған);
4. Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы "Качир ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 136/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымдағы № 24 "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған).