Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 24.07.2020 № 267/55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Жиеналин |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Әлтаев |
Лебяжі аудандық мәслихатының (V сайланған ХXXVI (кезектен тыс) сессиясы) 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 9/36 шешімімен Бекітілген |
Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Шақа ауылдық округінің әкімі шақырады.
Лебяжі ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Шақа ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округінің тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лебяжі ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Шақа ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.