Ямышев ауылдық округі Ямышев ауылының Қ. Смаилов көшесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 4171 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округі әкімінің 17.02.2015 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде, Ямышев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты Ямышев ауылдық округінің Ямышев ауылындағы К.Смаилов көшесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
 
 

      Ауылдық округ әкімі

Т. Қобайдаров

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігі ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      Комитетінің Лебяжі аудандық
      аумақтық инспекциясының
      басшысы
      2014 жылғы «29» қазан

Г. Сагалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады