Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округі әкімінің 02.03.2015 N 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде, Лебяжі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
Жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылындағы Амангелді көшесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Ауылдық округ әкімі |
Е. Балтабаев |
КЕЛІСІЛДІ |
Г. Сагалов |