Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 129/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 маусымда № 3843 болып тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Май ауданы әкімі орынбасарының 2016 жылғы 27 қаңтардағы N 1-27/92 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Май ауданы әкімі орынбасарының 27.01.2016 N 1-27/92 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданында 2014 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар адамдар;
      2) 50 жастан асқан адамдар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      4) 21 жастан бастап 29 жасқа дейінгі адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің әлеуметтік сұрақтарға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Жармағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады