Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 14.10.2022 № 9/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Май ауданы Көктүбек ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың индустриалды-инновациялық даму және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Жетыбаева |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |
Май аудандық мәслихатының |
Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің
аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Май ауданы Көктүбек ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Көктүбек ауылдық округінің әкімі шақырады.
Май ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Көктүбек ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Май ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Көктүбек ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.