Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы N 168/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде N 3751 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімі аппарат басшысының 27.01.2015 N 33/5-22/49 хатымен)

     Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімі аппарат басшысының 27.01.2015 N 33/5-22/49 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Павлодар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Ауылдық округтер мен ауыл әкімдері Павлодар ауданының қылмыстық-атқару инспекциясының келісімі бойынша сотталған адамдардың қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуі үшін объектілер тізімдерін сотқа тоқсан сайын ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Н. Әутәліпов


Павлодар ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
N 168/3 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге
сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерi

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
      2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
      3. Аумақты қардан тазарту.
      4. Аумақты қоқыстан тазарту.
      5. Аумақты арамшөптен тазарту.
      6. Қоқысты жинау және шығару.
      7. Жас бұтақтарды кесу.
      8. Ағаштарды кесу.
      9. Ағаштарды әктеу.
      10. Ағаштар егу.
      11. Гүлзарларды бөлiп отырғызу.
      12. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
      13. Шөптi шабу.
      14. Ғимараттарды әктеу.
      15. Ғимараттарды сырлау.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады