Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар аудандық мәслихаттың (5 сайланған 28 кезекті сессиясы) 2013 жылғы 25 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджет туралы" N 28/189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3667 тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Заман тынысы" аудандық газетінің N 5, 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Нива" аудандық газетінің N 5 жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"6. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Әбдіманова |
Мәслихат хатшысы | Б. Оралов |