Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" № 30/227 (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3734 тiркелген, 2014 жылғы 20 наурыздағы "Заман тынысы" аудандық газетiнiң № 12, 2014 жылғы 20 наурыздағы "Нива" аудандық газетiнiң № 12 жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген шешiммен бекiтiлген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:
8-тармақтың 4) тармақшасында "Халықаралық мүгедектер күнi" деген сөздерi "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнi" деген сөздерiмен ауыстырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацында "Халықаралық мүгедектер күнiне" деген сөздерi "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнiне" деген сөздерiмен ауыстырылсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Темірғалиев |
Мәслихат хатшысы | Б. Оралов |