Павлодар ауданы халқының нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде 2015 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 603/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 қаңтарда № 4249 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражаттарына байланысты Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2015 жылғы қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан адамдар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкіміН. Әутәліпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады