Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы N 2/422 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 230 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 маусымда N 1066 болып тіркелді. Күші жойылды - Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі N 3/522 қаулысымен және Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 240 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 02.07.2014 № 3/522 қаулысымен және Алматы қаласы мәслихатының 02.07.2014 № 240 шешімімен (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының
      13 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 "Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" Жарлығының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласы аудандары шекараларының схемалық картасына (1 қосымша) және Алматы қаласы аудандары шекараларының сипаттамасына (2 қосымша) сәйкес Алматы қаласы аудандарының шекаралары белгіленсін.
      2. "Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы" бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы
      № 4/1035 қаулысының және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 80 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 963 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және Алматы қаласы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі
А. Есімов
V сайланған Алматы
 
қаласы мәслихаты
 
XXVII сессиясының төрағасы
Р. Алшанов
V сайланған Алматы қаласы
 
мәслихатының хатшысы
Т. Мұқашев

      

  Бірлескен
Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 2/422 қаулысына және
V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXVII сессиясының
2014 жылғы 2 маусымдағы
№ 230 шешіміне 1 қосымша

Алматы қаласы аудандар шекарасының схемалық картасы

      РҚАО-ның ескертпесі: қағаз нұсқасын Алматы қ. АҚАО-да қараңыз.

  Бірлескен
Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 2/422 қаулысына және
V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXVII сессиясының
2014 жылғы 2 маусымдағы
№ 230 шешіміне 2 қосымша

Алматы қаласы аудандары шекараларының сипаттамасы
Алатау ауданы

      Райымбек даңғылының осінен солтүстік бағытта Теректі ауылының батыс шекарасын бойлай өтетін қара жолдың бойымен оның солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Теректі ауылының солтүстік-батыс шекарасынан шығыс бағытқа бұрылады және Теректі ауылының солтүстік шекарасының бойымен Алғабас ауылының батыс шекарасына және Теректі ауылының солтүстік-шығыс шекарасына дейін өтеді.
      Теректі ауылының солтүстік-шығыс шекарасынан солтүстік бағытқа бұрылады және Алғабас ауылының солтүстік батыс шекарасы бойымен Алғабас ауылының солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Алғабас ауылының солтүстік-батыс шекарасынан шығыс бағытқа бұрылады және Алғабас ауылының солтүстік шекарасын бойлай Ақсай көшесіне дейін өтеді.
      Ақсай көшесінен солтүстік бағытта ЖЭО-2 күл үйіндісіне дейін өтеді.
      ЖЭО-2 күл үйіндісінен солтүстік бұрылады және батыс бағытта орман алқабын бойлай оның аяқталатын жеріне өтеді.
      Орман алқабының аяқталатын жерінен солтүстік бағытқа бұрылады және ЖЭО-2 қалдық қоймаларын батыс жағымен оның солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      ЖЭО-2 қалдық қоймаларының солтүстік-батыс шекараларынан шығыс бағытқа бұрылады және Көкөзек су қоймасы бөгетіне дейін өтеді.
      Көкөзек су қоймасы бөгетінен солтүстік-шығыс бағытта бұрылады және Қонаев атындағы каналға (ҮАК) дейін өтеді.
      Қонаев атындағы каналдан солтүстік бағытта Мәдениет ауылы шекарасының батысына бұрылады және Рахат ауылы шекарасының батысынан және Боралдай көшесіне (тас жол) және Рахат ауылының солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Рахат ауылының солтүстік-батыс шекарасынан шығыс бағытта Боралдай көшесінің солтүстік жағымен Боралдай кентінің Дачная көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Боралдай көшесі мен Дачная көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытта Дачная көшесін бойлай өтеді, "Бент" АҚ тоғандары бойымен шығыс бағытта бұрылып, Боралдай кентінің оңтүстік шекарасы бойымен Шоссейная көшесімен және Тереңқара өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Шоссейная көшесі мен Тереңқара өзені арнасының қиылысынан солтүстік-шығыс бағытта Тереңқара өзені арнасының солтүстік жағымен Боралдай көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Тереңқара өзені арнасы мен Боралдай көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Боралдай көшесінің солтүстік жағымен Северное кольцо көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Боралдай көшесі мен Северное кольцо көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Северное кольцо көшесінің шығыс жағымен, әрі қарай Күдерин көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылының қиылысына дейін өтеді.
      Күдерин көшесі мен Райымбек даңғылының осінің қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Райымбек даңғылының осі бойымен батыс бағытта Теректі ауылының батыс шекарасы арқылы өтетін қара жолдың қиылысына дейін өтеді.

Алмалы ауданы

      Үлкен Алматы өзенінің осінің және Райымбек даңғылы осінің қиылысынан шекара Райымбек даңғылының осімен шығыс бағытта Фурманов көшесінің осіне дейін өтеді.
      Райымбек даңғылының осінен оңтүстік бағытқа бұрылады және Фурманов көшесінің осінің бойымен Абай даңғылының осіне дейін өтеді.
      Фурманов көшесінің осінен батыс бағытқа бұрылады және Абай даңғылы осінің бойымен Үлкен Алматы өзенінің осіне дейін өтеді.
      Абай даңғылының осінен солтүстік бағытқа бұрылады және Үлкен Алматы өзені осінің және Сайран көлі осінің бойымен Райымбек даңғылының осіне дейін өтеді.

Әуезов ауданы

      Теректі ауылының батыс шекарасы арқылы өтетін қара жолдың қиылысынан шығыс бағытта Райымбек даңғылының осін бойлай Үлкен Алматы өзенінің осіне дейін өтеді.
      Үлкен Алматы өзені арнасының осі мен Райымбек даңғылы осінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Үлкен Алматы өзенінің арнасымен, әрі қарай Сайран көлінің және Үлкен Алматы өзені осінің бойымен Тоқтабаев көшесінің осіне дейін өтеді.
      Тоқтабаев көшесінің осі мен Үлкен алматы өзені арнасының қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Науаи көшесіне дейін өтеді.
      Науаи көшесі мен Тоқтабаев көшесі осінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Рысқұлбеков көшесінің осіне дейін шығыс жағымен өтеді.
      Рысқұлбеков көшесі мен Науаи көшесінің батыс жағымен қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Саин көшесінің батыс жағына дейін өтеді.
      Саин көшесінің батыс жағы мен Рысқұлбеков көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Асқаров көшесінің осіне дейін өтеді.
      Асқаров көшесінің осі мен Саин көшесінің батыс жағының қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Асқаров көшесі осінің бойымен, әрі қарай Кәрменов көшесінің солтүстік жағымен Рахат ауылының солтүстік шекарасын бойлай және "Таугүл-3" шағынауданының оңтүстік-батыс шекарасымен өтеді.
      "Таугүл-3" шағынауданының оңтүстік-батыс шекарасынан Центральная көшесінің қиылысына және Центральная көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып Жандосов көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Центральная көшесі мен "Таугүл-3" шағынауданының солтүстік-батыс шекарасының қиылысынан Жандосов көшесінің оңтүстік жағымен батыс бағытта "Тау-Самал" базарының батыс шекарасымен және Әйтеке би көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Жандосов көшесінің осінен оңтүстік бағытта Таусамалы ауылының шығыс шекарасы бойымен Құрамыс және Қарағайлы ауылдарының батыс шекарасының бойымен Ойжайлау өзені арнасының және Әйтеке би көшесінің қиылысына дейін.
      Жандосов көшесі мен Әйтеке би көшесінің және "Тау-Самал" базарының батыс шекарасының қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Әйтеке би көшесінің шығыс жағын бойлай Алатау (Подгорный) көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Әйтеке би көшесі мен Алатау (Подгорный) көшесінің қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Алатау көшесін бойлай К. Надыров (Гроза) көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Алатау көшесі мен К. Надыров (Гроза) көшесінің қиылысынан әрі қарай К. Надыров көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытта өтеді және К. Тәжиев көшесінің қиылысына дейін шығысқа бұрылады.
      К. Тәжиев көшесінің қиылысынан К. Тажиев көшесінің батыс жағын бойлай оңтүстік бағытқа бұрылады және Қарғалы өзені арнасының шығыс жағын бойлай оңтүстік бағытта Қазселденқорғау бөгетіне дейін, оны батыс жағынан айналып өтеді және Қарғалы өзені арнасының шығыс жағын бойлай оңтүстік бағытта Іле-Алатау ұлттық паркі шекарасының қиылысына дейін жалғасады, сол жерден Ақсай өзенінің арнасымен қиылысқанға дейін батыс бағытқа бұрылады.
      Ақсай өзені арнасының қиылысынан солтүстік бағытта Ақсай өзенінің арнасын бойлай Таужолы ауылының оңтүстік шекарасының қиылысына дейін өтеді.
      Таужолы ауылының оңтүстік шекарасынан жоғарғы Алматы-Қаскелең тас жолын қиып өтіп, солтүстік бағытта жалғасады, Ақсай карьерін шығыс жағынан айналып өтіп, карьерге баратын жолдың қиылысына дейін.
      Ақсай карьерінен солтүстік бағытта карьерге баратын жол бойымен Картон фабрикасының өндірістік аумағын шығыс жағынан айналып өтіп, Алматы қаласының батыс шекарасы Райымбек даңғылының (Алматы-Бішкек көлік жолы) қиылысына дейін өтеді.
      Райымбек даңғылының (Алматы-Бішкек көлік жолы) қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Райымбек даңғылының (Алматы-Бішкек көлік жолы) солтүстік жағымен Теректі ауылының батыс шекарасы арқылы өтетін қара жолдың және Райымбек даңғылы осінің қиылысына дейін өтеді.

Бостандық ауданы

      Үлкен Алматы өзенінің осінен шекара шығыс бағытта Абай даңғылы осінің бойымен Фурманов көшесінің осіне дейін өтеді.
      Абай даңғылының осінен оңтүстік бағытқа бұрылады және Фурманов көшесі осінің бойымен Әл-Фараби даңғылының осіне дейін өтеді.
      Фурманов көшесінің осі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Әл-Фараби даңғылының осін бойлай Шаңғы трамплиндері кешеніне баратын жолдың осіне дейін өтеді.
      Шаңғы трамплиндері кешеніне баратын жолдың осі мен Әл-Фараби даңғылы осінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Ремизовка ауылының шығыс шекарасы бойлай өтіп, "Горный гигант" қосалқы станциясын (ПС-131) шығыс жағынан айналады.
      "Горный гигант" қосалқы станциясының (ПС-131) оңтүстік шекарасынан оңтүстік бағытқа бұрылады және төбенің жоғарғы жолымен 1196 метр биіктікке дейін өтеді.
      1196 метр биіктіктен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Ремизовка өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Ремизовка өзені арнасының қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Ақтөбе ауылының шығыс шекарасын бойлай "Горная Долина" коттедж қалашығы шекарасының шығыс жағын айналып, Алатау көшесіне дейін өтеді.
      Алатау көшесінен оның оңтүстік-шығыс жағымен әрі қарай Райымбек көшесінің шығыс жағымен оңтүстік бағытта Алмалы көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Алмалы көшесі мен Райымбек көшесі осінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Алмалы көшесінің батыс шекарасы бойымен Аққайың ауылының батыс шекарасын бойлай Ремизовка өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Ремизовка өзені арнасының қиылысынан шекара оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Ерменсай өзенін кесіп өтіп 1600 метр биіктікке дейін, кейін шекара оңтүстік-шығыс бағытта 1800 метр биікке дейін жетеді және Казачка өзенінің арнасын кесіп өтіп, 1790 метр биіктікке дейін оңтүстік бағытқа бұрылады.
      1790 метр биіктіктен батыс бағытқа бұрылады және Казачка өзенінің оңтүстік жағымен Үлкен Алматы өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Үлкен Алматы өзені құйылымынан оңтүстік-шығыс бағытта Үлкен Алматы өзенінің жағалау бөлігінің шығыс жағын бойлай Үлкен Алматы көліне дейін.
      Үлкен Алматы өзені арнасының қиылысынан оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Үлкен Алматы өзені құйылымының жағалау бөлігінің шығыс жағымен Үлкен Алматы көліне дейін өтеді.
      Үлкен Алматы көлінен оны Үлкен Алматы көлі құйылымының жағалау бөлігін айналады және Космостанцияға баратын жолға дейін батыс бағытқа бұрылады, оны оңтүстік-батыс жағымен айналады және Алмарасан шипажайының аумағына дейін солтүстік бағытқа бұрылады.
      Алмарасан шипажайының аумағынан батыс бағытқа бұрылады, оны беткейді бойлай айналады және Қарғалы өзені арнасының қиылысына солтүстік-батыс бағытта өтеді.
      Қарғалы өзені арнасының қиылысынан солтүстікке бұрылады және Қарғалы өзені арнасының батыс жағын бойлай солтүстік бағытта Қазселденқорғау бөгетіне дейін, оны батыс жағынан айналып өтіп, Қарғалы өзені арнасы арқылы өтеді және солтүстік бағытта оның шығыс жағын бойлай К. Тәжиев көшесінің батыс жағын бойлай Қарағайлы ауылының оңтүстік шекарасына дейін солтүстк бағытта К. Надыров көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      К. Надыров көшесінің қиылысынан оның батыс жағымен солтүстік бағытта Алатау көшесінің қиылысына дейін жалғасады.
      Алатау көшесінің қиылысынан шығыс бағытта бұрылып, Әйтеке би көшесінің қиылысына дейін Алатау көшесінің бойымен өтеді.
      Әйтеке би көшесінің қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Әйтеке би көшесінің шығыс жағымен және "Тау-Самал" базарының батыс шекарасы бойымен Жандосов (Қонаев) көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Жандосов (Қонаев) көшесі мен "Тау-Самал" базарының солтүстік-батыс шекарасының қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады, Жандосов көшесінің оңтүстік жағымен Центральная көшесінің және "Таугүл-3" шағынауданының солтүстік-батыс шекарасының қиылысына дейін өтеді.
      Центральная көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Центральная көшесі және "Таугүл-3" шағынауданының оңтүстік және оңтүстік-батыс шекарасымен Кәрменов көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Кәрменов көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылып, Кәрменов көшесінің оңтүстік жағымен, шығыс бағытта Рахат ауылының солтүстік шекарасын бойлай және әрі қарай Асқаров көшесінің бойымен Саин көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Саин көшесі мен Асқаров көшесінің қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Рысқұлбеков көшесінің қиылысына дейін Саин көшесінің батыс жағымен өтеді.
      Рысқұлбеков көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Науаи көшесінің қиылысына дейін Рысқұлбеков көшесі осінің бойымен өтеді.
      Науаи көшесі мен Рысқұлбеков көшесінің қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Тоқтабаев көшесінің қиылысына дейін Науаи көшесінің шығыс жағымен өтеді.
      Тоқтабаев көшесі және Науаи көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады, Үлкен Алматы өзені арнасының қиылысына дейін Тоқтабаев көшесінің осінің бойымен өтеді.
      Үлкен Алматы өзені арнасы мен Тоқтабаев көшесінің қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады, Үлкен Алматы өзенінің осін бойлай Абай даңғылының осіне дейін өтеді.

Жетісу ауданы

      Кіші Алматы өзенінің арнасынан шекара батыс бағытта Райымбек даңғылы осін бойлай Күдерин көшесінің осіне дейін өтеді.
      Райымбек даңғылының осінен және Күдерин көшесінің осінен солтүстік бағытқа бұрылады және Күдерин көшесінің шығыс жағымен, ары Северное кольцо көшесінің шығыс жағымен Боралдай көшесіне дейін өтеді.
      Северное кольцо көшесі мен Боралдай көшесінің қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Боралдай көшесінің солтүстік жағымен Тереңқара өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Тереңқара өзені арнасы мен Боралдай көшесінің қиылысынан солтүстік бағытта Первомай кентінің батыс жағымен бойлай Қоянқөз ауылының оңтүстік шекарасына дейін өтеді.
      Қоянқөз ауылының оңтүстік шекарасынан шығыс бағытқа бұрылады Первомай кентінің солтүстік шекарасы бойымен шығыс бағытта Алматы-Қапшағай тас жолын кесіп өтеді, Первомай кентінің солтүстік-шығыс шекарасына және Сұлтанқарасу өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Сұлтанқарасу өзені арнасының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Есентай өзенінің арнасына дейін Сұлтанқарасу өзені арнасының батыс жағымен өтеді.
      Есентай өзені арнасынының қиылысынан Алматы-Қапшағай тас жолына дейін батыс бағытқа бұрылады және Алматы-Қапшағай тас жолының басталатын жеріне дейін тас жолдың шығыс жағымен өтеді.
      Алматы-Қапшағай тас жолының басталатын жерінен оңтүстік бағытқа бұрылады және Жансүгіров көшесінің шығыс жағы арқылы Рысқұлов даңғылының қиылысына дейін өтеді.
      Жансүгіров көшесінің Рысқұлов даңғылымен қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Кіші Алматы өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Кіші Алматы өзені арнасының және Рысқұлов даңғылының қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады жіне Кіші Алматы өзені арнасының бойымен Райымбек даңғылының қиылысына дейін өтеді.

Медеу ауданы

      Құлжа тас жолынан шекарасы Әуежайға баратын тас жолдың шығыс жағымен оңтүстік-шығыс бағытта Қонаев атындағы каналдың ("ҮАК") қиылысына дейін өтеді.
      Қонаев атындағы каналдың қиылысынан ("ҮАК") оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Қонаев атындағы каналды ("ҮАК") бойлай өтіп, бұрылу алыңына ("Магнум" сауда-ойын-сауық орталығы) дейін, сол жерде оңтүстік бағытта бұрылып Талғар тас жолына дейін өтеді.
      Бұрылу алыңынан ("Магнум" сауда-ойын-сауық орталығы) Талғар тас жолы бойымен батыс бағытта "Меркурград" тұрғын үй кешенінің шығыс шекарасына дейін өтеді.
      "Меркурград" тұрғын үй кешенінің шығыс шекарасынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Көктөбе тауының шығыс жағына дейін өтеді.
      Көктөбе тауының шығыс жағынан Сұлусай ауылының шығыс шекарасын бойлай, әрі қарай қаланың шығыс шекарасы бойымен Алматау бөгетін айналып өтіп, Шымбұлақ елді мекенінің оңтүстігіндегі орынға дейін өтеді.
      Шымбұлақ елді мекенінің оңтүстігіндегі орыннан Кіші Алматы өзенін бойлай теңіз көлінің солтүстігіндегі орынға дейін оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және шекара Тұйықсу мұздығының батыс ернеуі бойымен оңтүстік-батыс бағытта жүреді, Тұйықсу мұздығы тауының оңтүстік беткейіне дейін өтеді.
      Тұйықсу мұздығы тауының оңтүстік беткейінен және Змеевидный мұздығының табынан шекара батыс бағытта Горельник шыңы арқылы және Совет мұздығы етегіндегі тау басының солтүстік-шығыс жағына дейін өтеді.
      Совет мұздығы етегіндегі тау басының солтүстік-шығыс жағынан батыс бағытқа бұрылады және Үлкен Алматы көлі жағалау бөлігінің оңтүстік шекарасына дейін өтеді.
      Үлкен Алматы көлінен жағалау бөлігін солтүстік бағытта айналып өтіп және Үлкен Алматы өзені жағалау бөлігінің шығыс жағын бойлай Казачка өзенінің арнасына дейін өтеді.
      Үлкен Алматы өзені арнасынан шығыс бағытта Казачка өзенінің оңтүстік бөлігінің бойымен 1790 метр биіктікке дейін өтеді.
      1790 метр биіктіктен солтүстік бағытта Казачка өзенін кесіп өтіп 1800 метр биіктікке дейін жалғасады, Ерменсай өзенін кесіп өтіп 1600 метр биіктікке дейін және Ремизовка өзенінің арнасына дейін өтеді.
      Ремизовка өзенінің арнасынан солтүстік бағытта Алмалы көшесінің батыс жағы бойымен Аққайың аулының батыс шекарасын бойлай Райымбек көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Алмалы көшесінің осінен солтүстік бағытта Райымбек көшесінің шығыс жағымен, әрі қарай Алатау көшесінің оңтүстік-шығыс жағы бойымен "Горная долина" коттедж қалашығының оңтүстік-шығыс шекарасына дейін өтеді.
      "Горная долина" коттедж қалашығының оңтүстік-шығыс шекарасынан қалашықты шығыс жағынан айналып өтіп және солтүстік бағытта бұрылады және Ақтөбе ауылының шығыс шекарасын бойлай Ремизовка өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Ремизовка өзені арнасының қиылысынан шығыс бағытта 1196 метр биіктікке дейін өтеді.
      1196 метр биіктіктен төбенің жоғарғы жолы бойымен солтүстік бағытта "Горный гигант" қосалқы станциясының (ПС-131) оңтүстік шекарасына дейін өтеді.
      "Горный гигант" қосалқы станциясының (ПС-131) оңтүстік шекарасынан оны шығыс жағынан айналып өтіп, әрі қарай солтүстік бағытта Ремизовка ауылының шығыс шекарасынан Шаңғы трамплиндері кешеніне баратын Райымбек даңғылының жолдың осіне дейін өтеді.
      Ремизовка ауылының шығыс шекарасынан және Шаңғы трамплиндері кешеніне баратын жолдың қиылысынан Әл-Фараби даңғылының осіне дейін өтеді.
      Шаңғы трамплиндері кешеніне баратын жолдың осінен және Әл-Фараби даңғылының осінен шығыс бағытқа бұрылады және Әл-Фараби даңғылының осімен бойлай шекара Фурманов көшесінің осіне дейін жалғаса өтеді.
      Әл-Фараби даңғылының осінен және Фурманов көшесінің осі қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Фурманов көшесінің осімен бойлай Райымбек даңғылының осіне дейін өтеді.
      Фурманов көшесінің осінен және Райымбек даңғылының осі қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Райымбек даңғылын бойлай Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін өтеді.
      Райымбек даңғылының осінен және Кіші Алматы өзенінің арнасының қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Кіші Алматы өзенінің арнасының осімен Рысқұлов даңғылының осіне дейін өтеді.
      Кіші Алматы өзеніарнасының осінен және Рысқұлов даңғылының қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен бойлай Құлжа тас жолына дейін өтеді.
      Рысқұлов даңғылы және Құлжа тас жолының қиылысынан солтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Құлжа тас жолының солтүстік жағымен Қонаев атындағы каналды ("ҮАК") кесіп өтіп, Әуежай тас жолына дейін өтеді.
      Сондай-ақ, Алматы қаласы Медеу ауданының шекарасына Алатау кентінің аумағы кіреді.

Түрксіб ауданы

      Алматы-Қапшағай тас жолының басынан шекара солтүстік-шығыс бағытта тас жолдың шығыс жағымен Есентай өзені арнасының қиылысынан әрі қарай шығыс бағытта Сұлтанқарасу өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Сұлтанқарасу өзені арнасының қиылысынан солтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Сұлтанқарасу өзені арнасының батыс жағымен Остроумов көшесі басталатын жердің қиылысына дейін өтеді.
      Остроумов көшесі басталатын жер мен Сұлтанқарасу өзені арнасының қиылысынан оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Покровка кентінің оңтүстік шекарасы арқылы өтіп, оңтүстік бағытқа бұрылады және әрі қарай оңтүстік бағытта Әлмерек ауылының шығыс шекарасын бойлай Алматы қаласы Халықаралық әуежайы аумағының солтүстік шекарасының қиылысына дейін өтеді.
      Алматы қаласы Халықаралық әуежайы аумағының солтүстік шекарасының қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және шығыс бағытта Алматы қаласы Халықаралық әуежайы аумағының солтүстік шекарасын бойлай Байсерке өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Байсерке өзені арнасының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Алматы қаласы Халықаралық әуежайы аумағының оңтүстік шекарасын бойлай Гүлдала кентінің солтүстік шекарасымен бойлай оның солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Гүлдала кентінің солтүстік-батыс шекарасынан оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Құлжа тас жолының солтүстік жағына, Гүлдала кентінің оңтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Гүлдала кентінің оңтүстік-батыс шекарасынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Құлжа тас жолының солтүстік жағымен Рысқұлов даңғылының қиылысына дейін өтеді.
      Құлжа тас жолы мен Рысқұлов даңғылының қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Жансүгіров көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Жансүгіров көшесінің шығыс жағымен Алматы-Қапшағай тас жолы басталатын жердің қиылысына дейін өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады