Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі N 3/522 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІX сессиясының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 240 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 шілдеде N 1068 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 3, 4 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласында Наурызбай ауданы құрылсын.
      2. Алматы қаласы аудандары шекараларының схемалық картасына (1 қосымша) және Алматы қаласы аудандары шекараларының сипаттамасына (2 қосымша) сәйкес Алматы қаласы аудандарының шекаралары белгіленсін.
      3. «Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 2/422 қаулысының және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХXVIІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 230 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1066 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
      6. Осы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және Алматы қаласы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                      А. Есімов

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      кезектен тыс XXIX сессиясының
      төрайымы                                    Х. Есенова

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                        Т. Мұқашев

Бірлескен
Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 3/522 қаулысына және
V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты кезектен тыс XXIХ сессиясының
2014 жылғы 2 шілдедегі № 240 шешіміне
1 қосымша

Алматы қаласы аудандар шекарасының схемалық картасы

       РҚАО-ның ескертпесі: қағаз нұсқасын Алматы қ. АҚАО-да қараңыз.

Бірлескен
Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 3/522 қаулысына және
V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты кезектен тыс XXIХ сессиясының
2014 жылғы 2 шілдедегі № 240 шешіміне
2 қосымша

Алматы қаласы аудандары шекараларының сипаттамасы

Алатау ауданы

      Райымбек даңғылының осінен солтүстік бағытта Теректі ауылының батыс шекарасын бойлай өтетін қара жолдың бойымен оның солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Теректі ауылының солтүстік-батыс шекарасынан шығыс бағытқа бұрылады және Теректі ауылының солтүстік шекарасының бойымен Алғабас ауылының батыс шекарасына дейін және Теректі ауылының солтүстік-шығыс шекарасына дейін өтеді.
      Теректі ауылының солтүстік-шығыс шекарасынан солтүстік бағытқа бұрылады және Алғабас ауылының батыс шекарасы бойымен Алғабас ауылының солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Алғабас ауылының солтүстік-батыс шекарасынан шығыс бағытқа бұрылады және Алғабас ауылының солтүстік шекарасын бойлай Ақсай көшесіне дейін өтеді.
      Ақсай көшесінен солтүстік бағытта ЖЭО-2 күл үйіндісіне дейін өтеді.
      ЖЭО-2 күл үйіндісінен солтүстік-батыс бағытқа бұрылады және орман алқабын бойлай оның аяқталатын жеріне өтеді.
      Орман алқабының аяқталатын жерінен солтүстік бағытқа бұрылады және ЖЭО-2 қалдық қоймаларының батыс жағынан оның солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      ЖЭО-2 қалдық қоймаларының солтүстік-батыс шекараларынан шығыс бағытқа бұрылады және Көкөзек су қоймасы бөгетіне дейін өтеді.
      Көкөзек су қоймасы бөгетінен солтүстік-шығыс бағытта бұрылады және Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына («ҮАК») дейін өтеді.
      Қонаев атындағы каналдан («ҮАК») солтүстік бағытта Мәдениет ауылы шекарасынан батысқа қарай және Рахат ауылы шекарасынан батысқа қарай бұрылады және Боралдай көшесіне (жолға) дейін және Рахат ауылының солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Рахат ауылының солтүстік-батыс шекарасынан шығыс бағытта Боралдай көшесінің солтүстік жағы бойымен Боралдай кентінің Дачная көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Боралдай көшесі мен Дачная көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытта Дачная көшесімен, «Бент» АҚ тоғаны бойымен өтеді және шығыс бағытта, Боралдай кентінің оңтүстік шекарасы бойымен Шоссейная көшесі және Тереңқара өзені арнасының қиылысына дейін бұрылады.
      Шоссейная көшесі мен Тереңқара өзені арнасының қиылысынан солтүстік-шығыс бағытта Тереңқара өзені арнасының шығыс жағымен Боралдай көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Тереңқара өзені арнасының Боралдай көшесімен қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Боралдай көшесінің солтүстік жағымен Солтүстік орам көшесіне дейін өтеді.
      Боралдай көшесі мен Солтүстік орам көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Солтүстік орам көшесінің шығыс жағымен айналып өтіп, әрі қарай Күдерин көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылының қиылысына дейін созылады.
      Күдерин көшесі мен Райымбек даңғылының осінің қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Райымбек даңғылының осі бойымен батыс бағытта Теректі ауылының батыс шекарасы арқылы өтетін қара жолдың қиылысына дейін өтеді.

Алмалы ауданы

      Шекарасы Үлкен Алматы өзенінің осі мен Райымбек даңғылы осінің қиылысынан Райымбек даңғылының осімен шығыс бағытта Фурманов көшесінің осіне дейін өтеді.
      Райымбек даңғылының осінен оңтүстік бағытқа бұрылады және Фурманов көшесінің осінің бойымен Абай даңғылының осіне дейін өтеді.
      Фурманов көшесінің осінен батыс бағытқа бұрылады және Абай даңғылы осінің бойымен Үлкен Алматы өзенінің осіне дейін өтеді.
      Абай даңғылының осінен солтүстік бағытқа бұрылады және Үлкен Алматы өзені осінің және Сайран көлі осінің бойымен Райымбек даңғылының осіне дейін өтеді.

Әуезов ауданы

      Қарғалы өзені арнасы мен Райымбек даңғылы осінің қиылысынан шығыс бағытта Райымбек даңғылының осін бойлай Үлкен Алматы өзені арнасының осіне дейін өтеді.
      Үлкен Алматы өзені арнасының осі мен Райымбек даңғылы осінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Үлкен Алматы өзенінің арнасымен, әрі қарай Сайран көлінің және Үлкен Алматы өзені арнасы осінің бойымен Тоқтабаев көшесінің осіне дейін өтеді.
      Тоқтабаев көшесінің осі мен Үлкен Алматы өзені арнасының қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Науаи көшесіне дейін өтеді.
      Науаи көшесі мен Тоқтабаев көшесі осінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және шығыс жағымен Рысқұлбеков көшесінің осіне дейін өтеді.
      Рысқұлбеков көшесі мен Науаи көшесінің шығыс жағының қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Саин көшесінің батыс жағына дейін өтеді.
      Саин көшесінің батыс жағы мен Рысқұлбеков көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Асқаров көшесінің осіне дейін өтеді.
      Асқаров көшесінің осі мен Саин көшесінің батыс жағының қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Асқаров көшесі осінің бойымен, әрі қарай Кәрменов көшесінің оңтүстік жағымен Рахат ауылының солтүстік шекарасын бойлай «Таугүл-3» шағын ауданының оңтүстік және оңтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      «Таугүл-3» шағын ауданының оңтүстік-батыс шекарасынан Центральная көшесімен қиылысына дейін өтеді және Центральная көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, Жандосов көшесімен қиылысн айналып өтеді.
      Центральная көшесі мен «Таугүл-3» шағын ауданының солтүстік-батыс шекарасының қиылысынан батыс бағытта Жандосов көшесінің оңтүстік жағымен Қарғалы өзені арнасының шығыс жағымен қиылысысына дейін өтеді.
      Қарғалы өзені арнасының шығыс жағы қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және оның шығыс жағымен Райымбек даңғылының солтүстік жағымен қиылысына дейін өтеді.

Бостандық ауданы

      Шекарасы Үлкен Алматы өзенінің осінен шығыс бағытта, Абай даңғылы осінің бойымен Фурманов көшесінің осіне дейін өтеді.
      Абай даңғылының осінен оңтүстік бағытқа бұрылады және Фурманов көшесі осінің бойымен Әл-Фараби даңғылының осіне дейін өтеді.
      Фурманов көшесінің осімен және Әл-Фараби даңғылымен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Әл-Фараби даңғылының осін бойлай Шаңғы трамплиндері кешеніне баратын жолдың осіне дейін өтеді.
      Шаңғы трамплиндері кешеніне баратын жолдың осі мен Әл-Фараби даңғылы осінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Ремизовка ауылының шығыс шекарасын бойлай, «Горный гигант» қосалқы станциясын (ПС-131) шығыс жағынан оның оңтүстік шекарасына дейін айналып өтеді.
      «Горный гигант» қосалқы станциясының (ПС-131) оңтүстік шекарасынан оңтүстік бағытқа бұрылады және биіктігі 1196 метр төбенің жоғарғы жолымен өтеді.
      1196 метр биіктіктен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Ремизовка өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Ремизовка өзені арнасының қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Ақтөбе ауылының шығыс шекарасын бойлай, «Горная Долина» коттедж қалашығы шекарасының шығыс жағын айналып, Алатау көшесіне дейін өтеді.
      Алатау көшесінен оның оңтүстік-шығыс жағымен әрі қарай Райымбек көшесінің шығыс жағымен оңтүстік бағытта Алмалы көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Алмалы көшесі мен Райымбек көшесі осінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Алмалы көшесінің батыс шекарасы бойымен Аққайың ауылының батыс шекарасын бойлай Ремизовка өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Шекарасы Ремизовка өзені арнасының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Ерменсай өзенін белдеулей өтіп, 1600 метр биіктікке дейін өтеді, сосын бұл шекара оңтүстік-шығыс бағытта 1800 метр биікке дейін көтеріліп өтеді және Казачка өзенінің арнасын кесіп өтіп, 1790 метр биіктікке дейін оңтүстік бағытқа бұрылады.
      1790 метр биіктіктен батыс бағытқа бұрылады және Казачка өзенінің оңтүстік жағымен Үлкен Алматы өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Үлкен Алматы өзені арнасы қиылысынан оңтүстік-шығыс бағытта бұрылады және Үлкен Алматы өзенінің жағалау бөлігінің шығыс жағын бойлай Үлкен Алматы көліне дейін өтеді.
      Үлкен Алматы көлінен оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Үлкен Алматы өзені құйылымының жағалау бөлігінің шығыс жағымен Үлкен Алматы көліне дейін өтеді.
      Үлкен Алматы көлінен, осы Үлкен Алматы көлінің жағалау бөлігін айналып өтіп, Космостанцияға баратын жолға дейін батыс бағытқа бұрылады, оны оңтүстік-батыс жағымен айналады және Алмарасан шипажайының аумағына дейін солтүстік бағытқа бұрылады.
      Алмарасан шипажайының аумағынан батыс бағытқа бұрылады, оны беткейді бойлай айналады және солтүстік бағытта 1500 метр биіктікте бұлақ арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Бұлақ арнасының қиылысынан солтүстік-шығысқа бұрылады және оның арнасын бойлай солтүстік-шығыс бағытта 1350 метр биіктікке дейін өтеді.
      1350 метр биіктік қиылысынан солтүстік-батыс бағытта 1420 метр биіктікке дейін бұрылады, оны батыс жағымен айналады және солтүстік бағытта 1227 метр биіктікке дейін өтеді.
      1227 метр биіктіктен солтүстік бағытта Алатау ауылының оңтүстік-батыс шекарасымен қиылысына дейін өтеді.
      Алатау ауылының оңтүстік-батыс шекарасының қиылысынан солтүстік бағытта оның батыс шекарасын бойлай шығыс бағытқа бұрылып, Абай көшесіне және Жайлау ауылының оңтүстік-шығыс шекарасының қиылысына дейін өтеді.
      Абай көшесі және Жайлау ауылының оңтүстік-шығыс шекарасының қиылысынан солтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Абай көшесінің шығыс жағымен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Абай көшесі мен Мұстафин көшесінің қиылысынан оның шығыс жағымен солтүстік батыс бағытта Асқаров көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Саин көшесі мен Асқаров көшесінің қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Рысқұлбеков көшесінің қиылысына дейін Саин көшесінің батыс жағымен өтеді.
      Рысқұлбеков көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Рысқұлбеков көшесі осінің бойымен Науаи көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Науаи көшесі мен Рысқұлбеков көшесінің қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Науаи көшесінің шығыс жағымен Тоқтабаев көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Тоқтабаев көшесі мен Науаи көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылып, Тоқтабаев көшесінің осінің бойымен Үлкен Алматы өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Үлкен Алматы өзені арнасы мен Тоқтабаев көшесінің қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады, Үлкен Алматы өзенінің осін бойлай Абай даңғылының осіне дейін өтеді.

Жетісу ауданы

      Шекарасы Кіші Алматы өзенінің арнасынан батыс бағытта Райымбек даңғылы осін бойлай Күдерин көшесінің осіне дейін өтеді.
      Райымбек даңғылының осінен және Күдерин көшесінің осінен солтүстік бағытқа бұрылады және Күдерин көшесінің шығыс жағымен, әрі «Северное кольцо» көшесінің шығыс жағымен және Боралдай көшесіне дейін өтеді.
      «Северное кольцо» көшесі мен Боралдай көшесінің қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Боралдай көшесінің солтүстік жағымен Тереңқара өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Тереңқара өзені арнасы мен Боралдай көшесінің қиылысынан солтүстік бағытта Первомай кентінің батыс жағымен бойлай Қоянкөз ауылының оңтүстік шекарасына дейін өтеді.
      Қоянкөз ауылының оңтүстік шекарасынан шығыс бағытқа бұрылады және Первомай кентінің солтүстік шекарасы бойымен өтеді, Алматы-Қапшағай тас жолын Первомай кентінің солтүстік-шығыс шекарасына және Сұлтанқарасу өзені арнасымен қиылысына дейін кесіп өтеді.
      Сұлтанқарасу өзені арнасының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Сұлтанқарасу өзені арнасының батыс жағымен Есентай өзенінің арнасына дейін өтеді.
      Есентай өзені арнасынының қиылысынан Алматы-Қапшағай тас жолына дейін батыс бағытқа бұрылады және Алматы-Қапшағай тас жолының басталатын жеріне дейін тас жолдың шығыс жағымен өтеді.
      Алматы-Қапшағай тас жолының басталатын жерінен оңтүстік бағытқа бұрылады және Жансүгіров көшесінің шығыс жағы арқылы Рысқұлов даңғылының қиылысына дейін өтеді.
      Жансүгіров көшесінің Рысқұлов даңғылымен қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Кіші Алматы өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Кіші Алматы өзені арнасының және Рысқұлов даңғылының қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Кіші Алматы өзені арнасының бойымен Райымбек даңғылының қиылысына дейін өтеді.

Медеу ауданы

      Шекарасы Құлжа тас жолынан оңтүстік-шығыс бағытта Әуежайға баратын тас жолдың шығыс жағымен Қонаев атындағы каналдың («ҮАК») қиылысына дейін өтеді.
      Қонаев атындағы каналдың қиылысынан («ҮАК») оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Қонаев атындағы каналды («ҮАК») бойлай өтіп, бұрылу алаңына («Магнум» сауда-ойын-сауық орталығы) дейін өтеді, осы жерден оңтүстік бағытта бұрылып Талғар тас жолына дейін созылады.
      Бұрылу алаңынан («Магнум» сауда-ойын-сауық орталығы) батыс бағытта Талғар тас жолы бойымен «Меркурград» тұрғын үй кешенінің шығыс шекарасына дейін өтеді.
      «Меркурград» тұрғын үй кешенінің шығыс шекарасынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Көктөбе тауының шығыс жағына дейін өтеді.
      Көктөбе тауының шығыс жағынан Сұлусай ауылының шығыс шекарасын бойлай, әрі қарай қаланың шығыс шекарасы бойымен Алматау шоқысын айналып өтіп, Шымбұлақ елді мекенінің оңтүстігіндегі орынға дейін өтеді.
      Шымбұлақ елді мекенінің оңтүстігіндегі орыннан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Кіші Алматы өзенін бойлай моренді (мұздың қозғалысынан пайда болған таужыныстар сынықтарының үймесі) көлдің солтүстігіндегі орынға дейін жетеді және оадан шекарасы оңтүстік-батыс бағытта Тұйықсу мұздығының батыс жиегі бойымен жүріп, Тұйықсу мұздығынан оңтүстікке қарай жатқан тауының беткейіне дейін өтеді.
      Шекарасы мұнан соң Тұйықсу мұздығынан оңтүстікке қарай жатқан тауының беткейінен және Змеевидный мұздығының табанынан батыс бағытта Горельник шыңы арқылы және «Советтер» мұздығы етегіндегі тау басының солтүстік-шығыс жағына дейін өтеді.
      «Советтер» мұздығы етегіндегі тау басының солтүстік-шығыс жағынан батыс бағытқа бұрылады және Үлкен Алматы көлі жағалау бөлігінің оңтүстік шекарасына дейін өтеді.
      Үлкен Алматы көлінен жағалау бөлігін солтүстік бағытта айналып өтеді және Үлкен Алматы өзені жағалау бөлігінің шығыс жағын бойлай Казачка өзенінің арнасына дейін өтеді.
      Үлкен Алматы өзені арнасынан шығыс бағытта Казачка өзенінің оңтүстік бөлігінің бойымен 1790 метр биіктікке дейін өтеді.
      1790 метр биіктіктен солтүстік бағытта өтеді, Казачка өзенін кесіп өтіп, 1800 метр биіктікке дейін жалғасады, мұнан кейін солтүстік-шығыс бағытта Ерменсай өзенін кесіп өтіп, 1600 метр биіктікке дейін және Ремизовка өзенінің арнасына дейін өтеді.
      Ремизовка өзенінің арнасынан солтүстік бағытта Алмалы көшесінің батыс жағы бойымен Аққайың аулының батыс шекарасын бойлай Райымбек көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Алмалы көшесінің осінен солтүстік бағытта Райымбек көшесінің шығыс жағымен, әрі қарай Алатау көшесінің оңтүстік-шығыс жағы бойымен «Горная долина» коттедж қалашығының оңтүстік-шығыс шекарасына дейін өтеді.
      «Горная долина» коттедж қалашығының оңтүстік-шығыс шекарасынан қалашықты шығыс жағынан айналып өтеді және солтүстік бағытта бұрылады және Ақтөбе ауылының шығыс шекарасын бойлай Ремизовка өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Ремизовка өзені арнасынан шығыс бағытта 1196 метр биіктікке дейін өтеді.
      1196 метр биіктіктен төбенің жоғарғы жолы бойымен солтүстік бағытта «Горный гигант» қосалқы станциясының (ПС-131) оңтүстік шекарасына дейін өтеді.
      «Горный гигант» қосалқы станциясының (ПС-131) оңтүстік шекарасынан оны шығыс жағынан айналып өтіп, әрі қарай солтүстік бағытта Ремизовка ауылының шығыс шекарасынан Шаңғы трамплиндері кешені жолына дейін өтеді.
      Ремизовка ауылының шығыс шекарасының және Шаңғы трамплиндері кешеніне баратын жолдың қиылысынан Әл-Фараби даңғылының осіне дейін өтеді.
      Шекара шаңғы трамплиндері кешеніне баратын жолдың осі және Әл-Фараби даңғылының осі қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Әл-Фараби даңғылының осімен бойлай Фурманов көшесінің осіне дейін жалғаса өтеді.
      Әл-Фараби даңғылының осінен және Фурманов көшесінің осі қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Фурманов көшесінің осімен бойлай, Райымбек даңғылының осіне дейін өтеді.
      Фурманов көшесінің осі және Райымбек даңғылының осі қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Райымбек даңғылын бойлай Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін өтеді.
      Райымбек даңғылының осі және Кіші Алматы өзенінің арнасының қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Кіші Алматы өзенінің арнасының осімен Рысқұлов даңғылының осіне дейін өтеді.
      Кіші Алматы өзені арнасының осі және Рысқұлов даңғылының қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен бойлай Құлжа тас жолына дейін өтеді.
      Рысқұлов даңғылы және Құлжа тас жолының қиылысынан солтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Құлжа тас жолының солтүстік жағымен айналып, Қонаев атындағы каналды («ҮАК») кесіп, Әуежайдың тас жолына дейін өтеді.
      Сондай-ақ, Алматы қаласының Медеу ауданының шекарасына Алатау шағын ауданының аумағы кіреді.

Наурызбай ауданы

      Теректі ауылының батыс шекарасы арқылы және Райымбек даңғылының солтүстік жағымен өтетін қара жол қиылысынан шығыс бағытта Қарғалы өзені арнасының шығыс жағына дейін өтеді.
      Райымбек даңғылы мен Қарғалы өзені арнасының қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Қарғалы өзені арнасының шығыс жағымен Жандосов көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Қарғалы өзені арнасы мен Жандосов көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Жандосов көшесінің оңтүстік жағымен Центральная көшесі және «Таугүл-3» шағын ауданының солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Центральная көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Центральная көшесі және Таугүл-3» шағын ауданының солтүстік-батыс шекарасының бойымен Кәрменов көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Кәрменов көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады, Кәрменов көшесінің оңтүстік жағымен шығыс бағытта Рахат ауылының солтүстік шекарасын бойлай, әрі қарай Асқаров көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Кәрменов көшесінің Асқаров көшесімен қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Асқаров көшесінің шығыс жағымен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Асқаров көшесінің Мұстафин көшесімен қиылысынан оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Мұстафин көшесінің шығыс жағымен Абай көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Мұстафин көшесінің Абай көшесімен қиылысынан Абай көшесінің шығыс жағымен оңтүстік бағытта Жайлау ауылының оңтүстік-шығыс шекарасымен қиылысына дейін өтеді.
      Абай көшесі және Жайлау ауылының оңтүстік-шығыс шекарасының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және оңтүстік бағытта Алатау ауылының оңтүстік-батыс шекарасын бойлай, 1227 метр биіктікке дейін өтеді.
      1227 метр биіктіктен оңтүстік бағытта өтіп, оның батыс жағымен 1420 метр биіктікке дейін айналып өтеді, әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып 1350 метр биіктікке дейін өтеді.
      1350 метр биіктіктен оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, бұлақ арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Бұлақ арнасының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және бұлақ бойымен 1500 метр биіктікке дейін өтеді.
      Бұлақ арнасы мен 1500 метр биіктіктің қиылысынан Іле-Алатау ұлттық саябағы шекарасын бойлай батыс бағытқа бұрылады, осы жерден батыс бағытта Ақсай өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Ақсай өзені арнасының қиылысынан Ақсай өзенінің арнасын бойлай солтүстік бағытта Таужолы ауылының оңтүстік шекарасының қиылысына дейін өтеді.
      Таужолы ауылының оңтүстік шекарасынан жоғарғы Алматы-Қаскелең тас жолын қиып өтіп, солтүстік бағытта жалғасады, Ақсай шатқалын шығыс жағынан айналып, шатқалға баратын жолдың қиылысына дейін өтеді.
      Ақсай шатқалынан солтүстік бағытта шатқал жолының бойымен Картон фабрикасының өндірістік аумағын шығыс жағынан айналып, Райымбек даңғылының (Алматы-Бішкек автокөлік жолы) Алматы қаласының батыс шекарасымен қиылысына дейін өтеді.
      Райымбек даңғылы (Алматы-Бішкек автокөлік жолы) қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Теректі ауылының батыс шекарасымен өтетін қара жол және Райымбек даңғылы (Алматы-Бішкек автокөлік жолы) осінің қиылысына дейін өтеді.

Түрксіб ауданы

      Шекарасы Алматы-Қапшағай тас жолының басынан солтүстік-шығыс бағытта тас жолдың шығыс жағымен Есентай өзені арнасының қиылысынан әрі қарай шығыс бағытта Сұлтанқарасу өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Сұлтанқарасу өзені арнасының қиылысынан солтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Сұлтанқарасу өзені арнасының батыс жағымен Остроумов көшесі басталатын жердің қиылысына дейін өтеді.
      Остроумов көшесі басталатын жер мен Сұлтанқарасу өзені арнасының қиылысынан оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Покровка кентінің оңтүстік шекарасы арқылы өтіп, оңтүстік бағытқа бұрылады және әрі қарай оңтүстік бағытта Әлмерек ауылының шығыс шекарасын бойлай Алматы қаласы Халықаралық әуежайы аумағының солтүстік шекарасының қиылысына дейін өтеді.
      Алматы қаласы Халықаралық әуежайы аумағының солтүстік шекарасынан шығыс бағытқа бұрылады және шығыс бағытта Алматы қаласы Халықаралық әуежайы аумағының солтүстік шекарасын бойлай Байсерке өзені арнасының қиылысына дейін өтеді.
      Байсерке өзені арнасының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Алматы қаласы Халықаралық әуежайы аумағының оңтүстік шекарасын бойлай Гүлдала кентінің солтүстік шекарасымен бойымен оның солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Гүлдала кентінің солтүстік-батыс шекарасынан оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Құлжа тас жолының солтүстік жағына, Гүлдала кентінің оңтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
      Гүлдала кентінің оңтүстік-батыс шекарасынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және Құлжа тас жолының солтүстік жағымен Рысқұлов даңғылының қиылысына дейін өтеді.
      Құлжа тас жолы мен Рысқұлов даңғылының қиылысынан батыс бағытқа бұрылады және Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Жансүгіров көшесінің қиылысына дейін өтеді.
      Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысынан солтүстік бағытқа бұрылады және Жансүгіров көшесінің шығыс жағымен Алматы-Қапшағай тас жолы басталатын қиылысқа дейін өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады