"Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі N 3/589 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 шілдеде N 1071 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 3/522 қаулысына және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі XXIX кезектен тыс сессиясының № 240 "Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы" шешіміне сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.

      2. Алып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2023 № 1/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жергілікті бюджетте Мекемені тиісті қаржы жылында қаржыландыруды қарастырсын.

      4. Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Мекеменің Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ю. Ильин

  Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "14" шілдедегі
№ 3/589 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2023 № 1/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады