"Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 4/1045 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қаңтарда № 1118 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.04.2017 № 2/133 қаулысымен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) оның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;
      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 4/1045 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының экономикалық саясат және бюджетті қалыптастыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7.."Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
      9. Басқарманың толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – Коммунальное государственное учреждение "Управление экономики и бюджетного планирования города Алматы".
      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары және міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы белгіленді - стратегиялық мақсаттарға және нақты нәтижелерге кол жеткізуге, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағытталған, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру.
      14. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес белгіленген:
      1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкес өңірлік фискалдық, бюджеттік және инвестициялық саясатты қалыптастыру;
      2) бюджеттік заңнамаларға сәйкес келешектегі бюджеттік жоспарлау және бағдарламалау;
      3) Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болашаққа арналған стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
      4) Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуде салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеуді және іске асуына бақылауды үйлестіру;
      6) бюджеттік түсімдерді болжау;
      7) мемлекеттік алыс-берістерді және қарызды, сондай-ақ бюджеттік несиелеуді жоспарлауды және талдауды жүзеге асыру;
      8) ұзақ мерзімді және орта мерзімді инвестициялық стратегияны айқындау және басым инвестициялық жобалардың тізбесін жасау;
      9) гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Алматы қаласы әкімінің және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15 "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы", Заңдарына сәйкес белгіленген:
      1) Алматы қаласының экономикалық саясатын және бюджетін қалыптастыру саласында мемлекеттік басқаруды және бақылауды жүзеге асыру;
      2) экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен және рейтингтік агенттіктермен өзара әрекет ету бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
      3) өңірлік бағдарламалар және инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігіне (нәтижелілік) бақылау жүргізу;
      4) "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді жүзеге асыру;
      5) "Стратегиялық мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізу" бағыты бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу және бағалаудың барлық бағыттары бойынша жиынтық қорытындылар дайындау;
      6) Алматы қаласын дамыту бағдарламасын, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік болжамдарын әзірлеу және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
      7) мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      8) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен құрылған өзге де ұйымдар қызметінің тиімділігін талдауды және бағалауды жүзеге асыру;
      9) "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      10) инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, өңірлік бағдарламалар мен басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жеке инвесторлардың қаражаттарын тартуға ықпал ету;
      11) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен құрылған өзге де ұйымдардың даму жоспарларын әзірлеу бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      12) салық салу жүйесін жетілдіру, бюджеттің кіріс бөлігін әртараптандыру және оның шығыс бөлігін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      13) алынып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14) жергілікті бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат кестелеріне талдау жүргізуді жүзеге асыру;
      15) елімізді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамдық схемасының іс-шараларын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
      16) концессиялық жобалар ұсыныстары мен концессияға беруге ұсынылатын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін жасау;
      17) экономикалық сараптама және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу, түзету үшін мамандандырылған ұйымды тарту;
      18) жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру жағдайында инвестициялық және концессиялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу;
      19) бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жүргізу;
      20) орта мерзімді кезеңге және кезекті қаржы жылына арналған Алматы қаласы бюджетінің жобасын әзірлеу;
      21) аудандар бөлігіндегі және экономика салаларындағы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
      22) алынып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      23) алынып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 15 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы", Заңдарына және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес мыналарға құқылы:
      1) Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
      2) Алматы қаласының әкіміне "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;
      3) Алматы қаласының әкіміне "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулысының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихаттың шешімдерінің жобаларын бекітілген тәртіпте енгізуге;
      4) алынып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арыз беруге;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтарға ие.
      Ескерту. 16 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес анықталған:
      1) "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар сұраған ақпаратты беру;
      2) Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастыратын жұмыс топтарының құрамына кіру;
      3) алынып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4) "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарына жауап беру;
      5) "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды және кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
      6).Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыратын әртүрлі іс-шараларға қатысу.
      Ескерту. 17 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін басшы жүзеге асырады.
      19. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      21. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
      1).сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін жеке жауап береді;
      2) заңнамаға сәйкес "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4) "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      7) алынып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
      "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      Ескерту. 21 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2015.10.02 № 1/73 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
      24. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады