Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы «Алматы қаласы Медеу ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 01-4/01 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі N 01-4/01 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 сәуірде N 1033 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Алматы қаласы сайлау комиссиясының 2014 жылғы 11 ақпандағы № 1/1 «Алматы қаласындағы сайлау учаскелерін құру және бірыңғай нөмірлеу туралы» шешіміне сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 01-4/01 «Алматы қаласы Медеу ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 17 қаңтарда № 873 тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 31-34 және «Вечерний Алматы» газетінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 34-36 сандарында жарияланған) шешіміне келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізу:
      осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшаны жаңа редакцияда жазу.        2. Нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      3. Аталған нормативтік құқықтық актінің Медеу ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануы қамтамасыз етілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Нарматовқа жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             С. Мәкежанов

Келісілді:

Алматы қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы                 Б. Доспанов
Медеу ауданы әкімінің
аппарат басшысы                               А. Нарматов
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы                             С. Дусманбетова

Алматы қаласы
Медеу ауданы әкімінің
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 01-4/01 шешіміне қосымша
 

№ 357 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Сымбат дизайн және технология академиясы, Әлімжанов көшесі, 48, телефон: 273-70-18, 273-91-00.

      Шекарасы: Гоголь көшесінен Фурманов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесімен шығыс жаққа (оңтүстік жағы) Қонаев көшесіне дейін; Қонаев көшесімен оңтүстік жаққа (батыс жағы) Гоголь көшесіне дейін, Гоголь көшесімен батыс жаққа (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін.

№ 358 Сайлау учаскесі

      Орталығы: № 28 техникалық лицей, Фурманов көшесі, 102, телефон: 272-05-57, 261-64-82.

      Шекарасы: Бөгенбай батыр көшесінен солтүстікке қарай Фурманов көшесінің (шығыс жағы) Гоголь көшесіне дейін, Гоголь көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Қонаев көшесіне дейін, Қонаев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Бөгенбай батыр көшесіне дейін, Бөгенбай батыр көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін.

№ 359 Сайлау учаскесі

      Орталығы: № 19 жалпы білім беретін орта мектеп, Абдуллиндер көшесі, 11, телефон: 382-41-69, 382-37-21.

      Шекарасы: Қонаев көшесінен шығысқа қарай Мақатаев көшесімен (оңтүстік жағы) Абдуллиндер көшесіне дейін, Абдуллиндер көшесінен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Жібек жолы даңғылына дейін, Жібек жолы даңғылымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Қайырбеков көшесіне дейін, Қайырбеков көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Гоголь көшесіне дейін, Гоголь көшесінен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қонаев көшесіне дейін, Қонаев көшесінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Мақатаев көшесіне дейін.

№ 360 сайлау учаскесі

      Орталығы: «Перспектива» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, Қайырбеков көшесі, 3, телефон: 397-75-13, 393-59-45.

      Шекарасы: Абдуллиндер көшесінен шығысқа қарай Мақатаев көшесімен (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің батыс жағалауымен оңтүстікке қарай Гоголь көшесіне дейін; Гоголь көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қайырбеков көшесіне дейін; Қайырбеков көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Жібек жолы даңғылына дейін; Жібек жолы даңғылымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Абдуллиндер көшесіне дейін; Абдуллиндер көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Мақатаев көшесіне дейін, Қалалық дәрігерлік-әлеуметтік наркологиялық орталығының аумағын қоспағанда.

№ 361 Сайлау учаскесі

      Орталығы: “Көкіл” музыкалық мектебі, Гоголь көшесі, 34, телефон: 382-41-61, 382-37-23.

      Шекарасы: Зенков көшесінен шығысқа қарай Гоголь көшесімен (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзенінің батыс жағынан оңтүстікке қарай Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесінен батысқа қарай (солтүстік жағы) Зенков көшесіне дейін, Зенков көшесінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Гоголь көшесіне дейін.

№ 362 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Республикалық медицина колледжі, Қалдаяқов көшесі, 54, телефон: 291-85-49, 291-16-62.

      Шекарасы: Шевченко көшесінен Достық даңғылымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Абдуллиндер көшесіне дейін, Абдуллиндер көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Бөгенбай батыр көшесіне дейін, Бөгенбай батыр көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Зенков көшесіне дейін, Зенков көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Шевченко көшесіне дейін, Шевченко көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Достық даңғылына дейін.

№ 363 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қазыбек би көшесі, 30, телефон: 291-10-35, 291-83-83.

      Шекарасы: Бөгенбай көшесінен Қонаев көшесінің бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Гоголь көшесіне дейін; Гоголь көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Зенков көшесіне дейін, Зенков көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Достық даңғылына дейін, Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Бөгенбай батыр көшесіне дейін, Бөгенбай батыр көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қонаев көшесіне дейін.

№ 364 сайлау учаскесі

      Орталығы: «Граждансельпроектстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, Коперник көшесі, 124, телефон: 386-26-78, 397-52-82.

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінен шығысқа қарай Добролюбов көшесі бойымен (оңтүстік жағы) Кутузов көшесіне дейін. Кутузов көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жаққа) Средняя көшесіне дейін; Средняя көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Есенберлин көшесіне дейін; Есенберлин көшесінен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Алматы жануарлар бағының орталық есігіне дейін. Орталық мәдениет және демалыс бағының солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс шекараларынан бастап, Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Добролюбов көшесіне дейін.

№ 365 сайлау учаскесі

      Орталығы: Медеу ауданының Жолдарды пайдалану басқармасы, Первомайская көшесі, 25, телефон: 278-13-93.

      Шекарасы: Кутузов көшесінен бастап шығысқа қарай Добролюбов көшесінің бойымен, ары қарай, Оренбургская көшесімен (оңтүстік жағы) Солоновка өзеніне дейін; Солоновка өзенінің батыс жағалауымен оңтүстікке қарай Көктөбе тауының солтүстік баурайына дейін; Көктөбе тауының солтүстік баурайымен Жарбұлақ өзеніне дейін; Жарбұлақ өзенінің шығыс жағалауымен солтүстікке қарай Есенберлин көшесіне дейін, Есенберлин көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Средняя көшесіне дейін; Средняя көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Кутузов көшесіне дейін; Кутузов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Добролюбов көшесіне дейін.

№ 366 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 64 орта мектебі, Орынбор көшесі, 17, телефон: 231-01-56, 239-32-75.

      Шекарасы: Солоновка өзенінен Полевой қиылысымен солтүстік-шығысқа қарай, одан ары Брянская көшесі бойымен (оңтүстік жағы) Широкая щель өзеніне дейін, Широкая щель өзені жағалауының батыс жағымен оңтүстікке қарай Украинская көшесіне дейін, Укринская көшесі бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Овражная көшесіне дейін, Овражная көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Солоновка өзеніне дейін, Солоновка өзені жағалауының шығыс жағымен солтүстікке қарай Полевой қиылысына дейін.

№ 367 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 53 орта мектеп, Глубокая көшесі, 18, телефон: 231-07-39, 271-00-42.

      Шекарасы: Солоновка өзенінен бастап Овражная көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Украинская көшесіне дейін, Украинская көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Рудзутак көшесіне дейін, Рудзутак көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Истомина көшесіне дейін, Истонина көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Верненская көшесіне дейін, Верненская көшесімен оңтүстік-батысқа қарай Широкая Щель өзеніне дейін, Широкая Щель өзені жағасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Балтабаев көшесінің шетіне дейін (Балтабаев көшесі, № 30 үйді коса), Балтабаев көшесі № 30 үйден батысқа (солтүстік жағы) Балтабаев көшесі мен Шокай көшесінің қиылысына дейін, Шоқай көшесі шетімен (Шоқай көшесіндегі жұп санды нөмірлі үйлерді қоспағанда) оңтүстікке қарай (батыс жағы) Пензенская көшесі, 23б үйіне дейін. Пензенская көшесі 23б үйінен батысқа қарай Шухов көшесі 134, 136, 138, 140, 142 үйлерінің оңтүстік шекарасымен (солтүстік жағы) Көктөбе тауының солтүстік қапталына дейін, әрі қарай Көктөбе тауының солтүстік қапталынан Солоновка өзеніне дейін, Солоновка өзенінің бойымен солтүстікке (шығыс жағы) Овражная көшесіне дейін.

№ 368 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 53 орта мектебі, Глубокая көшесі, 18, телефон: 231-07-49.

      Шекарасы: Балтабаев көшесінің шетінен бастап Широкая щель өзенінің бойымен (Балтабаев көшесі, № 30 үйді қоспағанда) солтүстікке қарай (шығыс жағы) Глубокая көшесіне дейін, Глубокая көшесімен Верненская көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Истомена көшесіне дейін, Истомин көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батысқа қарай) «Кенсай» зиратының солтүстік шекарасына дейін, «Кенсай» зиратының солтүстік шекарасымен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Тіксай өзенінің жағасына дейін, Тіксай өзенінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) қаланың шекарасына дейін, қала шекарасының бойымен Широкая Щель саяжай қоғамын қосып Солоновка өзенінің жағалауына дейін, Солоновка өзенінің жағалауынан Широкая щель қыратының бойымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Көк төбе ы/а-ғы Космодемьянская көшесіндегі 1/77, 1/73 үйінің шығыс шекарасына дейін, Көк төбе ы/а-ғы Космодемьянская көшесіндегі 1/77 үйден солтүстікке қарай (шығыс жағы) Солоновка өзенінің жағалауына дейін(Көк төбе ы/а-ғы Космодемьянская көшесіндегі үйлерді қоспағанда), Солоновка өзенінінен Көктөбе тауының солтүстік қапталымен солтүстік-шығысына қарай, ары қарай Шухов көшесіндегі 134, 136, 138, 140, 142 үйлердің оңтүстік шекарасымен Пензенская көшесі 23б үйіне дейін, Пензенская көшесі 23б үйінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Балтабаев пен Шоқай көшелерінің қиылысына дейін (Шоқай көшесіндегі жұп санды үйлерді қоса), Балтабаев пен Шоқай көшелерінің қиылысынан шығысқа қарай (оңтүстүк жағы) Широкая Щель өзеніне дейін.

№ 369 Сайлау учаскесі

      Орталығы: № 4 мектеп – интернат, Бөгенбай батыр көшесі, 53, телефон: 291-29-69, 291-69-59.

      Шекарасы: Бөгенбай батыр көшесінен Абдуллиндер көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзені жағалауымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Орталық демалыс саябағының негізгі кіре берісіне дейін, Орталық Демалыс саябағының негізгі кіре берісінен шығысқа қарай Орталық Демалыс саябағының солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс шекарасымен Есенберлин көшесіне дейін (Орталық демалыс саябағының аумағын қоса), Есенберлин көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Орманов көшесіне дейін, Орманов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жарбұлақ өзеніне дейін, Жарбұлақ өзенінің жағалауымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Бутаков көшесіне дейін, Бутаков көшесімен оңтүстікке қарай (екі жағы) Бөгенбай батыр көшесіне дейін, Бөгенбай батыр көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Абдуллиндер көшесіне дейін.

№ 370 сайлау учаскесі.

      Орталығы: № 7 орта мектебі, «Алатау» ықшам ауданы, Жетбаев көшесі, 15, телефон: 386-51-35.

      Шекарасы: Ибрагимов көшесінен № 14 және № 16 үйлері арасынан оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жетбаев және Садовая көшелерінің қиылысына дейін, Жетбаев және Садовая көшелерінің қиылысынан шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Сыған өзеніне дейін, Сыған өзенінің батыс жағалауымен оңтүстікке қарай РП-5 каналына дейін, РП-5 каналы бойымен (солтүстік-батыс жағы) «Новостройка» тұрғын-үй массивін қоса Ибрагимов көшесіне дейін, Ибрагимов көшесі бойымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) № 16 тұрғын үйге дейін (№ 16 үйді қоспағанда).

№ 371 Сайлау учаскесі

      Орталығы: № 35 Лингвистикалық гимназия, Достық даңғылы, 59 үй, телефон: 291-10-78, 291-99-32.

      Шекарасы: Фурманов көшесінен Қабанбай көшесінің бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық данғылына дейін, Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Шевченко көшесіне дейін, Шевченко көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін, Фурманов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қабанбай батыр көшесіне дейін.

№ 372 Сайлау учаскесі

      Орталығы: № 159 мектеп-гимназия, Қабанбай батыр көшесі, 86-үй телефон: 291-12-92, 291-40-66.

      Шекарасы: Фурманов көшесінен Бөгенбай батыр көшесінің бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін, Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қабанбай батыр көшесіне дейін, Қабанбай батыр көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін, Фурманов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бөгенбай батыр көшесіне дейін.

№ 373 Сайлау учаскесі

      Орталығы № 56 мектеп-гимназия, Фурманов көшесі, 138, телефон: 272-05-37, 2613681.

      Шекарасы: Фурманов көшесінен Шевченко көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін, Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Абай даңғылына дейін, Абай даңғылымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін, Фурманов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Шевченко көшесіне дейін.

№ 374 Сайлау учаскесі

      Орталығы: № 33 орта мектебі, Қалдаяқов көшесі, 62 үй, телефон: 291-13-37, 291-79-51.

      Шекарасы: Абай даңғылынан Достық даңғылымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Шевченко көшесіне дейін, Шевченко көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Зенков көшесіне дейін, Зенков көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бөгенбай батыр көшесіне дейін, Бөгенбай батыр көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзенінің жағалауымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Республика Сарайының оң жағына дейін, Республика Сарайының оң жағынан Достық даңғылына дейін, Достық даңғылынан солтүстікке қарай (шығыс жағы) Абай даңғылына дейін.

№ 375 Сайлау учаскесі

      Орталығы: № 29 орта мектебі, Бөгенбай батыр көшесі, 42 үй, телефон: 291-82-45, 291-14-32, 291-61-54.

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінен Бөгенбай батыр көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Бутаковская көшесіне дейін, Бутаковская көшесімен оңтүстікке қарай екі жағын қоса түкпірге (тупик) дейін, ары қарай Бутаковская көшесінің жалғасы Қабанбай батыр көшесіне дейін, Қабанбай батыр көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзенінің жағалаумен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бөгенбай батыр көшесіне дейін.

№ 376 Сайлау учаскесі

      Орталығы: «Жанұя» арнайы мамандандырылған кешені, Бегалин көшесі, 82 үй, телефон: 291-22-79, 291-16-68.

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінен Қабанбай батыр көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жарбұлақ өзеніне дейін, Жарбұлақ өзенінің жағалауымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) (Ватутина көш., 19 үй және Қастеев көшесі, 50 үйді қоса) Бекхожин көшесіне дейін, Бекхожин көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзенінің жағалаумен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қабанбай батыр көшесіне дейін.

№ 377 сайлау учаскесі

      Орталығы: «Алматы Оқушылар сарайы», Достық даңғылы, 124, телефон: 264-06-30, 262-46-78.

      Шекарасы: Достық даңғылынан шығысқа қарай Республика Сарайы оң жақ жолы бойымен Луганский көшесіне дейін; Луганский көшесімен Кармысов көшесінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бекқожин көшесіне дейін; Бекқожин көшесімен күншығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жарбұлақ өзеніне дейін (Бекхожин көшесі № 27, 29 үйлердің учаскелерін қоса), Жарбұлақ өзенінің батыс жағалауымен оңтүстікке қарай Дачный қалтарысына дейін (34, 18, 18/1 үйлерін қоса); ары қарай өзеннің шығыс жағымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Дачный қалтарысы, № 5 үйге дейін, Дачный қалтарысы, № 5 үй учаскесінен батысқа қарай (солтүстік жағы) Горновосточная көшесіне дейін, Горновосточная көшесімен солтүстікке (шығыс жағы) Коккинаки көшесіне дейін, Кокинаки көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Луганский көшесіне дейін; Луганский көшесімен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Сәтбаев көшесіне дейін, Сәтбаев көшесімен батысқа қарай ( солтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің жағалауынан оңтүстікке қарай (батыс жағы) Ньютон көшесіне дейін; Ньютон көшесімен  батысқа қарай (солтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен солтүстікке қарай ( шығыс жағы) Республика сарайының оң жақ жолына дейін. Бұған Самал-1 ықшам ауданының № 1, 2, 4 үйлері және Достық даңғылындағы № 89 үйді қоса.

№ 378 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Абай даңғылы, 8, телефон: 264-30-73, 264-06-13.

      Шекарасы: Фурманов көшесінен шығысқа қарай Абай даңғылы бойымен (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Сәтбаев көшесіне дейін; Сәтбаев көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін (Сәтбаев көшесіндегі № 2, 2Б, 4, 4а үйлердің учаскесін қоса); Фурманов көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Абай даңғылына дейін.

№ 379 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 131 мектеп-лицейі, Самал-2 ықшам ауданы, телефон: 264-45-41, 262-12-92.

      Шекарасы: Достық даңғылынан Жолдасбеков көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Меңдіқұлов Бульварына дейін; Меңдіқұлов Бульварымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Бектұров көшесіне дейін; Бектұров көшесімен батысқа (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін; Фурманов көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Сәтбаев көшесіне дейін; Сәтбаев көшесімен шығысқа (оңтүстік жағы) Уәлиханов көшесіне дейін, Уәлиханов көшесінің шетінен Сәтбаев көшесіндегі № 6, 6а шығыс жақ учаскесімен Орталық әскери спорттық клубының аймақ шекарасының солтүстігіне дейін; Орталық әскери спорттық клубының аймақ шекарасының солтүстік шетімен ары қарай оңтүстік шекарасынан Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен оңтүстікке (батыс жағы) Жолдасбеков көшесіне дейін. Самал-1 ы-ауд. № 1, 2, 2Б, 4 үйлерді және шекарадағы Орталық әскери спорттық клубтың аумағын қоспағанда.

№ 380 сайлау учаскесі

      Орталығы: «Тау-Тамыр» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, «Көктөбе» ықшам ауданы, Космодемьянская көшесі, 28, телефон: 261-96-09, 291-90-76, 291-89-53.

      Шекарасы: Жарбұлақ өзенінен Яблочный көшесі (екі жағы) бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Диваев көшесіне дейін; Диваев көшесі бойымен шығысқа қарай Көктөбе тауының батыс қапталына дейін; Көктөбе тауы етегі бойымен оңтүстікке қарай Жарбұлақ өзеніне дейін; Жарбұлақ өзені бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Яблочный көшесіне дейін (Беккожин көшесі 27, 29, Ватутин көшесі 19, Кастеев, 50, Дачный қалт., 34, 18, 18/1 үйлерін қоспағанда).

№ 381 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 131 мектеп-лицейі, Самал-2 ықшам ауданы, телефон: 264-13-31, 264-45-42, 262-12-92.

      Шекарасы: Жолдасбеков көшесінен Достық даңғылы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Әл-Фараби даңғылына дейін; Әл-Фараби даңғылы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Меңдіқұлов гүлзарына дейін; Меңдіқұлов гүлзары бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Жолдасбеков көшесіне дейін; Жолдасбеков көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылыны дейін.

№ 382 сайлау округі

      Орталығы: «Телекоммуникация институты» Жабық акционерлік қоғамы, Фурманов көшесі, 242, телефон: 271-59-68, 264-42-04.

      Шекарасы: Фурманов көшесінен Бектуров көшесі бойымен шығысқа қарай Меңдіқұлов гүлзарына дейін; Меңдіқұлов гүлзары бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Әл-Фараби даңғылына дейін; Әл-Фараби даңғылы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Достық даңғылында орналасқан № 99 үйінің солтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай № 1, 9, 10 үйлердің оңтүстік шекарасы бойымен Самал-3 ықшам ауданындағы № 21 үйге дейін; ары қарай № 21 және № 22 үйді қосқанда Мендіқұлов гүлзарына дейін; Мендіқұлов гүлзары бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін; Қажымұқан көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін; Фурманов көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бектуров көшесіне дейін.

№ 383 сайлау округі

      Орталығы: Д.Снегин атындағы № 30 мектеп-гимназия, Достық даңғылы, 226а, телефон: 264-28-97, 264-13-76, 262-12-65.

      Шекарасы: Достық даңғылынан Ньютон көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзені арнасының бойымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Сатпаев көшесіне дейін, Сатпаев көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Луганский көшесіне дейін; Луганский көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Кокинаки көшесіне дейін, Кокинаки көшесімен шығысқа қарай( оңтүстік жағы) Горновосточная көшесіне дейін, Горнавосточная көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Горная қалтарысына дейін, Горная қалтарысымен Жарбұлақ өзеніне дейін; Жарбұлақ өзенінің батыс жағалау бойымен оңтүстікке қарай Көктөбе ықшам ауданының батыс шекарасына дейін, ары қарай Көктөбе ықшам ауданының батыс шекарасынан оңтүстікке қарай Жамал Омарова көшесіне дейін, Жамал Омарова көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Ньютон көшесіне дейін (№ 5 қалалық клиникалық аурухананың аумағын қоспағанда).

№ 384 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 163 жалпы білім беретін орта мектеп, Фурманов көшесі, 289, телефон: 262-00-83, 262-93-95.

      Шекарасы: 8-гвардиялық дивизия көшесінен шығысқа қарай Әл-Фараби даңғылы бойымен (оңтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін; Фурманов көшесі бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті әскери институты аумағының шекарасына дейін; Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институтының солтүстік және батыс шекарасы бойымен батысқа және оңтүстікке қарай Тайманов көшесіне дейін; Тайманов көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Затаевич көшесіне дейін; Затаевич көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) 8-гвардиялық дивизия көшесіне дейін; 8-гвардиялық дивизия көшесі бойымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік- шығыс жағы) Әл-Фараби даңғылына дейін.

№ 385 сайлау учаскесі

      Орталығы: «Самал» саяжайы, С.Байжанов көшесі, 100/10, телефон: 264-44-17, 264-07-30.

      Шекаралары: Достық даңғылы бойымен № 99 үйден оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін; Қажымұқан көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Байжанов көшесіне дейін; Байжанов көшесі бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институты шекарасына дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери иституты солтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін; Фурманов көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін; Қажымұқан көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Меңдіқұлов гүлзарына дейін, Меңдіқұлов гүлзары бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Самал-3 ықшам ауданының № 22 үйдің оңтүстік шекарасына дейін; № 22 үйдің оңтүстік шекарасынан шығысқа қарай, үйдің солтүстік жағын айналып, Самал-3 ықшам ауданының № 9, 10, 1 үйлерінің оңтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай, ары қарай Достық даңғылы, № 99д үйінің солтүстік жағынан Достық даңғылына дейін, Қазақстан Республикалық Ұлан аумағын қоспағанда.

№ 386 сайлау учаскесі

      Орталығы: Кәсіпкерлер мектебі, Достық даңғылы, 226, телефон: 262-46-27, 262-05-92, 264-07-30.

      Шекарасы: Байжанов көшесінен бастап Қажымұқан көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін, Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Орталық Әскери институтының оңтүстік шекарасына дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Орталық Әскери институтының шекарасымен Тайманов көшесіне дейін, Тайманов көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекаралық қызметтік Орталық Әскери госпиталы шекарасына дейін, әрі қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекаралық қызметтің Орталық Әскери госпиталы шекарасының бойымен солтүстікке және шығысқа қарай Байжанов көшесіне дейін, Байжанов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін. Жабық сайлау учаскелерінің шекарасын қоспағанда (Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институты аумағы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекаралық әскери госпиталі аумағын).

№ 387 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 17 мектеп-интернат, Достық даңғылы, 226 а, телефон: 387-24-61, 387-28-32.

      Шекарасы: Ж.Омаров көшесінен бастап Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институтының оңтүстік шекарасына дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институтының шекарасының бойымен батысқа қарай, оңтүстікке қарай, әрі қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институтының оңтүстік шекарасымен шығысқа қарай Достық даңғылымен Чайкина көшесінің қиылысуына дейін, әрі қарай Чайкина көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Көктөбе ықшам ауданының батыс шекарасына дейін, Көктөбе ықшам ауданының батыс шекарасымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Юбилейный тұрғын үйлер массивінен оңтүстік шекарасына дейін, Юбилейный шағын ауданының оңтүстік шекарасымен (солтүстік жағы) қаланың шекарасына дейін, қаланың шекарасымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Көктөбедегі көрініс алаңының шегіне дейін, Көктөбедегі көрініс алаңы шегінің бойымен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Сахариев көшесіндегі № 85а үйге дейін, әрі қарай Сахариев көшесіндегі № 85а үйден оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Көктөбе тауының батыс ылдиының бойымен Ж.Омарова көшесіне дейін, Ж.Омарова көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Достық даңғылына дейін.

№ 388 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 48 мектеп - лицей, Достық даңғылы, 310 б, телефон: 262-60-34, 264-56-67, 386-77-90.

      Шекарасы: Көктөбе ықшам ауданынан бастап, Чайкина көшесінің бойымен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін, Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Достық даңғылы № 300/26 үйге дейін, Достық даңғылы № 300/26 үйден оңтүстік-батысқа қарай (оңтүстік шығыс жағы) қала шекарасына дейін, қала шекарасынан ары қарай «Юбилейный» тұрғын үй кешенінің оңтүстік шекарасымен (оңтүстік жағы) Горная көшесіне дейін, әрі қарай Горная көшесімен одан кейін Тәттімбет көшесімен (екі жағымен) солтүстік-батысқа қарай Көктөбе шағын ауданының батыс шекарасына дейін, Көктөбе шағын ауданының батыс шекарасымен Чайкина көшесіне дейін, бұл шекараға «Бутаковка» шағын ауданы: «Медеу», «Тұйықсу», «Кімасар», «Сарқырама». Туристік базалар: «Шымбұлақ»; «Горельник» турбазасы, «Просвещенец» демалыс үйлерін қоса.

№ 389 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 47 орта мектебі, Олимпийская көшесі, 1, телефон: 254-88-79, 254-06-63.

      Шекарасы: Терісбұлақ өзенінің бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Оспанов көшесі № 85/25 үйдің шетіне дейін; Оспанов көшесі № 85/25 үйдің шетінен батысқа қарай (солтүстік жағы) қаланың шекарасына дейін; қаланың шекарасынан солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Эдельвейс ықшам ауданының оңтүстік шекарасына дейін; Эдельвейс ықшам ауданының оңтүстік шекарасы шетінен, содан әрі Мұсылмандар қорымының оңтүстік шекарасының солтүстік-шығысынан (оңтүстік-шығыс жағы) Есентай өзенінің жағалауына дейін; Есентай өзенінің жағалауы бойының оңтүстік-шығысынан (солтүстік-батыс жағы) шекарадағы «Каменское плато» туберкулезге қарсы санаторийінің аймағын қоспағанда Терісбұлақ өзеніне дейін.

№ 390 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 47 орта мектебі, Олимпийская көшесі, 1, телефон: 254-88-79, 254-06-63.

      Шекарасы: Терісбұлақ өзенінен қала шекарасы бойымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының астрофизиктер мен ион саласы институты поселкасын қоса, «Каменское плато» массивінің шеті, Терісбұлақ өзеніне дейін бағбандық серіктестіктерді қоса.

№ 391 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қазақстан Республикалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Достық даңғылы, 103, телефон: 262-46-67, 267-83-72.

      Шекарасы: Қазақстан Республикалық Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Әскери институтының аумағы.

№ 392 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қазақстан Республикалық Ұланының 0111 әскери бөлімшесі, Достық даңғылы, 117/6, телефон: 262-47-39, 232-55-14.

      Шекарасы: Қазақстан Республикасы Республикалық Ұланының аумағы.

№ 393 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекаралық қызметінің Орталық әскери госпиталі, Достық даңғылы, 103/41, телефон: 262-80-37, 260-05-03, 262-02-76.

      Шекарасы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекаралық әскери госпиталінің аумағы.

№ 394 сайлау учаскесі

      Орталығы: Туберкулез мәселелері бойынша ұлттық орталық, Бекқожин көшесі, 5, телефон: 291-79-86, 291-07-73, 291-86-89.

      Шекаралары: Қазақстан Республикасы Туберкулез мәселелері бойынша ұлттық орталығының аумағы.

№ 395 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «№ 5 Қалалық клиникалық ауруханасы», Достық даңғылы, 220, телефон: 262-16-05, 264-75-54.

      Шекаралары: Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «№ 5 Қалалық клиникалық аурухана» аумағы.

№ 396 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қалалық дәрігерлік-әлеуметтік наркологиялық орталығы, Мақатаев көшесі, 10, телефон: 382-35-34, 382-36-39.

      Шекаралары: Қалалық дәрігерлік-әлеуметтік наркологиялық орталығының аумағы.

№ 397 сайлау учаскесі

      Орталығы: «Акушерлік гинекология және перинатология ғылыми Орталығы», Достық даңғылы, 125, телефон: 262-81-36, 387-08-87.

      Шекарасы: Республика Ғылым Иинституты «Ана мен баланың денсаулығын сақтау орталығының» аумағы.

№ 398 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 161 қазақ мектеп-гимназиясы, Фурманов көшесі, 40, телефон: 273-29-44, 276-48-63.

      Шекаралары: Фурманов көшесінен шығысқа қарай Райымбек даңғылы бойымен (оңтүстік жағы) Қонаев көшесіне дейін, Қонаев көшесінен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Мақатаев көшесіне дейін, Мақатаев көшесінен батысқа қарай (солтүстік жағы) Фурманов көшесіне дейін, Фурманов көшесінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Райымбек даңғылына дейін.

№ 399 сайлау учаскесі

      Орталығы: ТОО «ERLIAN TALI» (ГУМ), Қонаев көшесі, 21, телефон: 259-09-40, 271-47-72.

      Шекаралары: Қонаев көшесінен шығысқа қарай Мәметова көшесі бойынша (оңтүстік жағы) Есенов көшесіне дейін, Есенов көшесі бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Мақатаев көшесіне дейін, Мақатаев көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қонаев көшесіне дейін, Қонаев көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Мәметова көшесіне дейін.

№ 400 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 52 орта мектеп, Пушкин көшесі, 1, телефон: 377-85-05, 273-85-79.

      Шекаралары: Қонаев көшесінен шығысқа қарай Райымбек даңғылы бойымен (оңтүстік жағы) Жетісу көшесіне дейін, Жетісу көшесі бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Әшімбаев көшесіне дейін, Әшімбаев көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Нүсіпбеков көшесіне дейін, Нүсіпбеков көшесінен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Мәметова көшесіне дейін, Мәметова көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қонаев көшесіне дейін, Қонаев көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Райымбек даңғылына дейін, Қалалық Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын «№ 2 Перзентхана» аумағын қоспағанда.

№ 401 сайлау учаскесі

      Орталығы: «Деловой центр Партнер» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, Мақатаев көшесі, 47, телефон: 397-61-01, 386-25-76, 358-70-99, 278-71-00.

      Шекаралары: Есенов көшесінен шығысқа қарай Мәметова көшесі бойымен (оңтүстік жағы) Нүсіпбеков көшесіне дейін, Нүсіпбеков көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Әшімбаев көшесіне дейін, Әшімбаев көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жетісу көшесіне дейін, Жетісу көшесі бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Мақатаев көшесіне дейін, Мақатаев көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Есенов көшесіне дейін, Есенов көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Мәметова көшесіне дейін.

№ 402 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 4 мектеп-гимназиясы, Янушкевич көшесі, 58, телефон: 397-43-56, 386-26-45.

      Шекаралары: Жетісу көшесінен шығысқа қарай Райымбек даңғылы бойымен (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзені жағалауының батыс жағымен оңтүстікке қарай Мақатаев көшесіне дейін, Мақатаев көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Жетісу көшесіне дейін, Жетісу көшесінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Райымбек даңғылына дейін.

№ 403 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 2 қалалық емхана, Шухов көшесі, 37б, телефон: 232-81-73, 231-11-33, 231-00-13, 231-21-34.

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінен Тәтібеков көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік -шығыс жағы) Бестужев көшесіне дейін; Бестужев көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жарбұлақ (Казачка) өзеніне дейін; Жарбұлақ өзенінің жағалауымен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Крымская көшесіне дейін; Крымская көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Мұстафа Шоқай көшесіне дейін; Мұстафа Шоқай көшесінен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Брянская көшесіне дейін; Брянская көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Полевая көшесінің қалтарысына дейін; Полевая көшесі қалтарысымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Оренбургская көшесіне дейін; Оренбургская көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Добролюбов көшесіне дейін; Добролюбов көшесімен оңтүстік-батысқа қарай, әрі қарай батысқа (солтүстік жақтары) Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзенінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Тәтібеков көшесіне дейін.

№ 404 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 99 орта мектебі, Иштван Коныр көшесі, 53, телефон: 234-51-57, 271-00-16, 234-62-52.

      Шекарасы: Широкая щель өзенінен Блюхер көшесі бойымен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Шәріпов көшесіне дейін; Шәріпов көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Говоров көшесіне дейін; Говоров көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Кәрімбаев көшесіне дейін; Кәрімбаев көшесі бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Кәрімбаев көшесіндегі 79-үйге дейін; Кәрімбаев көшесіндегі 79-үйден солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Тіксай өзеніне дейін; Тіксай өзенінің жағалауымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Шәріпов көшесіндегі Тіксай өзені арнасының шығыс жағында орналасқан үйлерді қоса «Кеңсай» бейітінің солтүстік шекарасына дейін; «Кеңсай» бейітінің солтүстік шекарасының бойымен батысқа қарай Истомин көшесіне дейін; Истомин көшесінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Рудзутак көшесіне дейін, Рудзутак көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Широкая Щель өзеніне дейін; Широкая Щель өзені жағалауымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Блюхер көшесіне дейін, Коңыр Иштван көшесіндегі № 157, 165, 165А үйлерді қоса.

№ 405 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 100 орта мектебі, Погодин көшесі, 47, телефон: 393-60-12, 231-27-93.

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінен Үштөбе көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Тәтібеков көшесіне дейін; Тәтібеков көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Менделеев көшесіне дейін; Менделеев көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Жарбұлақ (Казачка) өзеніне дейін; Жарбұлақ өзенінің жағалауымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Бестужев көшесіне дейін; Бестужев көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Тәтібеков көшесіне дейін; Тәтібеков көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің жағалауымен солтүстік-шығысқа, әрі қарай солтүстікке қарай (шығыс жағы) Үштөбе көшесіне дейін.

№ 406 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мемлекеттік коммуналдық мекеме «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы», Демченко көшесі, 83, телефон: 232-81-47, 231-23-89.

      Шекарасы: Думан ықшам ауданығы Қарашаш көшесінен бастап, Талғар трактысынан оңтүстікке қарай (батыс жағы) Думан ықшам ауданығы Қарашаш көшесі № 91 үйдің оңтүстік шекарасына дейін, Думан ықшам ауданығы Қарашаш көшесі № 91 үйдің оңтүстік шекарасынан батысқа қарай (солтүстік жағы) Бригадная көшесіне дейін, Бригадная көшесінің оңтүстік жағымен (батыс жағы) Говоров көшесіне дейін; Говоров көшесі бойымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Шәріпов көшесіне дейін, Шәріпов көшесінен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Попович көшесіне дейін, Попович көшесінен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Халиуллин көшесіне дейін, Халиуллин көшесінен ары қарай Талғар тракт бойымен солтүстік-шығысқа (оңтүстік-шығыс жағы) Думан ықшам ауданығы Қарашаш көшесіне дейін.

№ 407 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы облыстық мамандар біліктілігін арттыру институты, Қабылов көшесі, 50, телефон: 231-24-54, 234-58-09.

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінен Таиров көшесіндегі № 185 және № 209 үйлердің арасымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Лисаковская көшесіне дейін; Лисаковская көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Бейімбет көшесіне дейін; Бейімбет көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Чаплин көшесіне дейін; Чаплин көшесімен солтүстік-шығысқа қарай Чаплин көшесіндегі № 77 және № 75 үйлердің арасымен (оңтүстік-шығыс және шығыс жағы) Жарбұлақ өзеніне дейін; Жарбұлақ өзенінің жағалауымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Менделеев көшесіне дейін; Менделеев көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Тәтібеков көшесіне дейін; Тәтібеков көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Үштөбе көшесіне дейін; Үштөбе көшесінен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің жағалауымен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Таиров көшесіне дейін.

№ 408 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 98 орта мектебі, Тәтібеков көшесі, 89, телефон: 234-46-04, 278-12-51, 234-44-17.

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінен солтүстік-шығысқа қарай қала шекарасының бойымен (оңтүстік-шығыс жағы) Жарбұлақ өзеніне дейін (Атырау ықшам ауданын қоса); Жарбұлақ өзенінің жағалауымен оңтүстікке қарай ары батыс жағымен Речка казачка көшесінің екі жағын қоса Чаплин көшесіне дейін; Чаплин көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Бейімбет көшесіне дейін; Бейімбет көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Лисаковская көшесіне дейін; Лисаковская көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Таиров көшесінің шетіне дейін; Таиров көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Кіші Алматы өзенінің жағалауына дейін; Кіші Алматы өзенінің шығыс жағалауымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) қаланың шекарасына дейін.

№ 409 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы», Демченко көшесі, 83, телефон: 231- 25-37, 231-10-55.

      Шекарасы: «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның аумағы.

№ 410 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын «№ 2 Перзентхана», Жангелдин көшесі, 28, телефон: 3976293, 3976106, 386-26-90.

      Шекаралары: Мемлекеттік коммуналдық қазыналдық кәсіпорын «№ 2 Перзентхана» аумағы.

№ 411 сайлау учаскесі

      Орталығы: Облыстық тері-венерологиялық диспансер, Көктөбе ықшам ауданы, Жабаев көшесі, 69а, телефон: 227-52-54, 261-37-07.

      Шекарасы: Облыстық тері-венерологиялық диспансердің аумағы.

№ 412 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 172 Орта мектебі, Думан ықшам ауданы, Қарқаралы көшесі, 15, телефон: 239-37-55, 382-80-74, 385-00-08.

      Шекарасы: Думан ықшам ауданы Қарашаш көшесі бойымен Талғар трактісінен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Думан ықшам ауданы Болашақ көшесіне дейін, Думан ықшам ауданы Болашақ көшесінен оңтүстікке қарай Қарқаралы көшесіне дейін, Қарқаралы көшесінен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Думан ықшам ауданы Бішкек көшесіне дейін, Бішкек көшесінен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Бішкек көшесі № 40 үйдің оңтүстік шекарасына дейін, Бішкек көшесі № 40 үйдің оңтүстік шекарасынан оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Тіксай өзенінің жағалауына дейін, Тіксай өзенінің жағалауынан солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Керімбаев-2 көшесіндегі № 21 үйдің оңтүстік шекарасына дейін, Керімбаев-2 көшесіндегі № 21 үйдің оңтүстік шекарасынан оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Керімбаев көшесіне дейін, Керімбаев көшесінен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс қарай) Говорова көшесіне дейін, Говоров көшесінен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Бригадная көшесіне дейін, Бригадная көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бригадная көшесі № 80 үйдің солтүстік шекарасына дейін, Бригадная көшесі № 80 үйдің солтүстік шекарасынан Бригадная көшесін (оңтүстік жағы) Қарашаш көшесіне дейін, Қарашаш көшесінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Талғар трактіне дейін.

№ 413 сайлау учаскесі

      Орталығы: жеке меншiк мектеп «Сенiм», Шашкин, 32А, телефон: 295-43-21, 328-66-29.

      Шекарасы: Шашкин көшесіндегі №№ 19, 21, 23, 25, 27, 30, 30а, 32, 34, 36, 36а, 38, 40 үйлері, Аль-Фараби даңғылы бойындағы №№ 110, 110а, 110б, 110в, 110е үйлері.

№ 414 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 77 орта мектеп, Горный Гигант ықшам ауданы, Жуков көшесі, 140, телефон: 264-46-16, 264-76-63.

      Шекарасы: Жаркент көшесінен Тайманов көшесінің бойымен оңтүстік – шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институтының оңтүстік шекарасына дейін; осы шекарамен солтүстік – шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен оңтүстік – шығысқа қарай (оңтүстік–батыс жағы) Достық даңғылы № 300/26 және 291/1-ге дейін; Достық даңғылы № 300/26 және 291/1 үйлердің ортасымен оңтүстік – батысқа қарай (солтүстік–батыс жағы) Мұсылмандар қорымының оңтүстік шекарасына дейін, мұсылмандар қорымының оңтүстік шетінен бастап ары қарай Эдельвейс ықшам ауданының шетінен оңтүстік-батысқа (солтүстік-батыс жағы) қаланың шекарасына дейін; қаланың шекарасымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Алматы қаласы Бостандық ауданының шекарасына дейін; осы шекарадан солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Ахмедьяров көшесінің бұрышына дейін; Ахмедьяров көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Жуков көшесіне дейін; Жуков көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Жаркент көшесіне дейін; Жаркент көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Тайманов көшесіне дейін. Республика Ұллтық Орталығы «Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы» аумағын қоспағанда.

№ 415 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 77 орта мектебі, Горный Гигант ықшам ауданы, Жуков көшесі, 140, телефон: 264-47-02, 264-76-63.

      Шекарасы: Аль-Фараби даңғылынан бастап 8-ші Гвардиялық дивизия көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Затаевич көшесіне дейін, Затаевич көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Тайманов көшесіне дейін, Тайманов көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік- батыс жағы) Жаркент көшесіне дейін, Жаркент көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Жуков көшесіне дейін, Жуков көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Ахмедияров көшесіне дейін, Ахмедияров көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Бостандық ауданының шекарасына дейін, Бостандық ауданы шекарасының бойымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Әль-Фараби даңғылына дейін, Әль-Фараби даңғылының бойымен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) 8-ші Гвардиялық дивизия көшесіне дейін. Шашкин көшесіндегі №№ 19, 21, 23, 25, 27, 30, 30а, 32, 34, 36, 36а, 38, 40, Аль-Фараби даңғылындағы №№ 110, 110а, 110б, 110в, 110е үйлерді қоспағанда.

№ 416 сайлау учаскесі

      Орталығы: «Тау-тамыр» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, З.Космодемьянкая көшесі, 28, телефон: 261-96-13.

      Шекарасы: Қабанбай батыр көшесі қиылысы және Жарбұлақ өзенінің қиылысынан бастап, Көктөбе тауының солтүстік-батыс жағымен солтүстік-шығысқа қарай Жабаев көшесінің бойымен Көктөбе ықшам ауданы (оңтүстік-шығыс жағы) Солоновка өзеніне дейін, Солоновка өзенінің шығыс жағалауымен Первомайская көшесі № 61В үйіне дейін, Первомайская көшесі № 61В үйінен оңтүстік-батысқа қарай ары оңтүстікке қарай (батыс жағы) Космодемьянская көшесіндегі үйлерді қамтып, Көктөбе ықшам ауданында Широкая Щель қыратымен оңтүстікке қарай қала шекарасына дейін; қала шекарасымен оңтүстікке қарай Көктөбе алаңының бойымен батысқа қарай Сахариев көшесі 85А үйіне дейін, ары қарай Диваев, Городская және Яблочная көшелерімен (шығыс жағалауы) Қабанбай батыр көшесі мен Жарбұлақ өзенінің қиылысына дейін. Алматы облысының тері-венерологиялық диспансерінің аумағы кірмейді.

№ 417 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Туберкулезге қарсы санаторийі «Каменское плато», Кербұлақ көшесі, 6 Г, телефон: 254-06-70, 254-08-48.

      Шекарасы: Туберкулезге қарсы «Каменское плато» санаториясының аумағы.

№ 418 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «№ 7 отбасылық-дәрігерлік амбулатория», «Алатау» ықшам ауданы, Жетбаев көшесі, 28, телефон: 386-53-03, 386-55-33.

      Шекарасы: Ибрагимов көшесі бойымен № 14 және № 16 тұрғын үйлерінің арасынан, № 16 тұрғын үйді қоса есептегенде, солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Алатау ықшам ауданының солтүстік шекарасына дейін, кенттің солтүстік шекарасынан шығысқа қарай Сыған өзеніне дейін (оңтүстік жағы), Сыған өзенінің батыс жағалауынан оңтүстікке қарай Садовая көшесіне дейін, Садовая көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Жетбаев көшесіне дейін, Жетбаев және Садовая көшелерінің қиылысынан оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Ибрагимов көшесіне дейін.

№ 419 сайлау учаскесі

      Орталығы: «Ритм» клубы, Тәтібеков көшесі, 61, телефон: 239-90-44.

      Шекарасы: Жарбұлақ өзенінен Рыскұлов даңғылы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы), әрі қарай қаланың шекарасымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Құлжа трактісіне дейін, Атырау ықшам ауданы, Жетісу бау-бақша қауымдастығын одан ары қаланың шығыс және солтүстік-шығыс шекарасымен (батыс және солтүстік-батыс, батыс жақтары) қоса Халиуллин көшесіне дейін; Халиуллин көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Попович көшесіне дейін; Попович көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) С. Шәріпов көшесіне дейін; С. Шәріпов көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Блюхер көшесіне дейін; Блюхер көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Широкая щель өзеніне дейін; Широкая щель өзенінің жағалауымен оңтүстік-шығысқа қарай (батыс жағы) Брянская көшесіне дейін; Брянская көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Мұстафа Шоқай көшесіне дейін; Мұстафа Шоқай көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Крымская көшесіне дейін; Крымская көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Солоновка өзенінің жағасына дейін, Солоновка өзенінің жағасынан солтүстікке қарай (шығыс жағы) Жарбұлақ өзеніне дейін; Жарбұлақ өзенінің жағалауымен солтүстікке қарай Рысқұлов даңғылына дейін, Речка Казачка көшесіндегі үйлерді қоспағанда.

№ 420 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 172 орта мектеп, Думан шағын ауданы, Қарқаралы көшесі, 15, телефон: 382-80-21, 382-80-20, 386-44-06, 293-39-26.

      Шекарасы: Талғар трактымен Думан шағын ауданындағы Болашақ көшесі бойымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Қарақаралы көшесіне дейін, Қарқаралы көшесімен шағысқа қарай (солтүстік жағы) Бішкек көшесіне дейін, Бішкек көшесімен оңтүстікке қарай қаланың шекарасына дейін, қала шекарасымен Талғар трактына дейін, Талғар трактымен оңтүстік-батысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Думан ықшам ауданындағы Болашақ көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады